Сазгер Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова араға сегіз жыл салып, үлкен сахнаға қайта оралды деп хабарлайды baistars.kz.
Бірақ бұл жолы әкесінің емес, інісінің әніне бейнебаян түсірген. Ән «Аяма» деп аталады.
«Інім Азамат Омаровтың әні. «Аяма» деп аталады. Махаббатыңды аяма деген мағынада. Ініме әкемнен дарыған өнер болса керек, ән жазып жүр», — дейді Зарина Омарова.
Атап өтсек, әнші тұрмыста. Екі перзенттің анасы. Енді ол еш алаңсыз шығармашылығымен ғана айналысатынын жеткізді. Түсірген бейнебаянын күзге қарай көрермендерге тарту етпек.
Сонымен бірге әнші арықтағысы келетін қыз-келіншектерге өз сырымен бөлісті.
«Бала босанғаннан кейін, шамалы толып кеттім. Бірақ өзіме қалыпқа келуге талап қойдым. Спорт. Диета. Сосын тамақты аздап жеу керек», — дейді Зарина.