Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған 10 жасар бала ғаламтор жұлдызына айналды (видео)
10 жасар ер бала Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға пародия жасады. Өнер жұлдызының образына енген «пародистің» видеосын әнші инстаграмдағы парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Baq.kz.
Эстрада әншісі басына орамал тағып, үстіне ұзын көйлек киіп пародия жасаған жеткіншектің өнеріне риза болды.
«Қайырлы кеш, мына видеодағы он жасар ұл бала екен, менің жанкүйерім. Алматы арнасынан Татьяна xаным салып жіберіпті, өз даусымен айтқанда тіптен жақсы болар еді», - деп жазған Мақпал Жүнісова парақшасында.
Видеоны тамашалаған ғаламтор қолданушылары ер баланың өнеріне риза болып, түрлі пікір жазған.
«Қимылы дәл өзіңіз ғой, ол да өнер», «Керемет екен», «Тура өзіңіз сияқты қимылы. Ұл бала деп кім айтады», «Керемет пародия» деген пікір қалдырған олар.