Коронавирустың кесірінен әртістердің шығармашылық қызметі тоқтап тұр. Әзірге әнші-әртістерге бұқаралық шараларға қатысуға тыйым салынған.
Карантин кезінде әртістер де өз бетімен күнін көріп жүр. Біреу кәсіп бастаса, біреуі мемлекеттен көмек алуға көшкен.
Мақпал Жүнісова концерттен басқа табысы жоқ екенін бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстанның халық әртісі  Қазақконцертте қызмет етеді. Алайда одан алатын еңбекақысы ештеңеге жетпейді екен, тіпті коммуналдық қызмет төлеуге жетпейтін көрінеді. 
«Маған 42 500 теңгені берген жоқ. Мен сұрадым, бірақ маған берген жоқ.  Мен Халық әртісі атағы үшін 150 мың теңге аламын. Мен көлік жүргізе алмаймын, жүргізушіме 100 мың теңге төлеуім керек, күзетшіге 120 мың теңге беруім керек. Екі үйге төлейтін коммуналдық қызмет 130 мың теңгені құрайды. Маған қаншама отбасы қарап отыр», &mdashдеді Мақпал Жүнісова 31 арнаға берген сұқбатында.
aikyn.kz