Мақпал Мыса 28 миллион теңгелік кешін түсіндіре алмады

Zertteu Research Institute Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы ақын Мақпал Мысаның авторлық кешін ұйымдастыруға  28 миллион теңге жұмсағанын анықтады.

Алтай Көлгінов басқаратын әкімдіктің мәдениет басқармасы  ақын Мақпал Мысаның кешін ұйымдастыру үшін тендер ойнатқан. Тендер бойынша келісімшарт ARDA production ЖШС-мен жасалған. Бұл компания тендерді бір көзден ұтып алған. Қызығы, ақын Мақпал Мысаның жыр кеші астанада 23 ақпан күні дүркіреп өткенімен, тендер бойынша келісімшарт 3 сәуір күні ғана жасалған.

Осы тендерді әлеуметтік желіде талқылап жатқан жұрт астанадағы мәдениет басқармасы неліктен Мақпал Мысаның кешін бюджет ақшасына ұйымдастырғанын түсінбей отыр. Тендердің техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, 28 миллион теңге &ldquoАқ қанатты періште&rdquo поэтикалық кешін ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған. Тендерді ұтып алған өнім беруші кем дегенде 500 орындық концерт залын тауып, оған Мақпал Мысадан басқа жеке орындаушылар, би және орындаушылар тобын қатыстыруға және оларға гонорар төлеуге міндеттелген. Өнім беруші тіпті шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың ұшақ билеттерін төлеп , Нұр-Сұлтан қаласының ішіндегі көлік қызметімен қамтамасыз етуге тиіс болған. Әрі міндетте бойынша, шараның республикалық телеарналардың бірінен көрсетуін қамтамасыз ету тиіс болған.

Ал осы тендерді ұтып алған ARDA production ЖШС 2020 жылдың 9 ақпанында ғана құрылған. Құрыла салысымен бірнеше күн өткен соң мемлекеттік сатып алулар порталына тіркелген. Бұл компания Мақпал Мысаның жыр кешін ұйымдастырудан басқа осы күнге дейін бірде-бір тендер ұтып көрмеген.

Бәлкім, Алтай Көлгінов басқаратын әкімдіктің мәдениет басқармасы поэзияны сүйетін қауымды жыршашумен қуантқысы келген шығар, бірақ оны не себепті салық төлеушілердің ақшасы есебінен жасағаны түсініксіз. Әрі басқа-басқа емес,  неліктен дәл Мақпал Мысаның жыр кешін ұйымдастырғаны да тендер құжаттарында түсіндірілмейді.

Біз осы сұрақтарды әуелі жыр кешінің иесі Мақпал Мысаның өзіне қойып көрмек болып хабарластық. Алайда &ldquoмен тек шығармашылыққа қатысты жауап беремін, ақша, құжат мәселесіне Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы жауап береді. Маған сұрақ қоймаңыз&rdquo деген Мақпал Мыса сұрақтарымызға жауап беруден бас тартып, телефон тұтқасын қоя салды. Сөйтіп, 28 миллион теңгеден қанша қаламақы төленді деген сұрағымызға жауап ала алмадық.

Тендерді ұтып алған ARDA ЖШС басшысы Мұрат Қожамқұловқа да хабарласып, тендер бойынша бірқатар сұрақ қоймақ болдық. Алайда &ldquoжиналыста отырмын, сұрақтарыңызды WhatsApp-қа жазып жіберіңіз&rdquo деген М.Қожамқұлов біз жолдаған сұрақтарға әзірге жауап бермеді.

Сонымен,  осы кешті бюджет ақшасынан ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Муксимоваға хабарласып, мән-жайды сұрадық. &ldquoАқпан өтіп кеткен жыр кешіне тендер келісімшартын сәуірде жасасқаныңыз қалай?&rdquo деген сұрағымызды ести салған баспасөз хатшысы әзірге оның жауабын өзі де білмейтінін жеткізді.

&ldquoБұл мәселе бойынша хабарласқан бірінші адам емессіз. Маған таңертеңнен бері хабарласып жатыр. Бұл маған да беймәлім болып отыр. Қалай ақпарат белгілі болады, ресми жауап береміз. Қазір өзім де білмей отырмын соны. Басшылық қарастырып жатыр. Барлығын заңгерлер анықтап, анық-қанығын жазып беруі керек. Сол кезде бәріне жауап береміз&rdquo, &ndash деді Салтанат Муксимова.

&ldquo28 миллион неге дәл Мақпал Мысаның кешіне бөлінді?&rdquo деген сұрағымызға баспасөз хатшысы: &ldquoОл маған да түсініксіз. Өзім де әзірге  білмей отырмын. Толық ақпарат белгілі болғанда хабарын айтамын&rdquo, &ndash деп қайырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста