Әнші Нұрболат Абдуллин өнердегі әріптестерінен қалыспай, ыстық жаққа демалысқа кетті. Мальдив аралдарына аттанған әнші желіде демалыс кезіндегі суреттерімен бөлісіп, көптің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші отандық өнер иелері арасында танылмал болған аралда қалай демалып жатқанын Instagram желісіндегі суреттерден байқауға болады.
Дегенмен демалысы қалай өтіп жатқанымен бөліскісі келген әншіні желіде сынға алған адамдар да табылған.
"Қыздар құсап, өзіңізді сала бердіңіз" , "Еш ренжімеңізші, бірақ мына денемен дәл осылай билеудің қажеті жоқ" , "Жарасып тұрған жоқ" , "Ер жігітке жараспайтын қылық екен. Қазақ азаматына лайық болсаңыздаршы" , "Өзіңізді сала бермей, отбасыңызбен де сурет салып тұрсаңызшы" , - деп жазуда көпшілік.
Кері пікір айтушылармен қатар, әншінің дене сымбатына тамсанғандар да бар болып шықты.
"Пах, шіркін. Демалысыңыз жақсы өтсін" , "Не деген дене, жаттығу залынан шықпағаныңыз көрініп-ақ тұр" , "Өте тартымдысыз" , - деп жазған олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа жылдан соң ыстық жақтарға демалуға кеткен жұлдыздар жайлы жазған едік.
Олардың арасында әнші, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Шахизада, продюсерлер Гүлзира Айдарбекова мен Алуа Қонарова және желіде танымал болгер Айнұр Нүрсейітов бар.