Қазақстандық әнші Лидо жасанды ерінге құмар қыздарға өз ақылын айтып, табиғи сұлулықтан артық ештеңе жоқ екенін еске салды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Естеріңізде болар бір жылдары томпақ еріндер сәнде болды. Батыс өздерінің стандарттарын бізге таңумен болды. Ал біз оның ар жағында не жатқанын ұқпастан соған еріп кеттік. Қыздардың дені әдемі ерін үшін сұлулық салондарына жүгіріп кетті. Ал сол уақытта ерінді үлкейту үшін "биополимерлі гель" ғана қолданылатын.
Қарап тұрсаң өте тиімді көрінетін. Алайда биополимер - уақыты келгенде жарылатын бомба іспеттес екен. Басында бәрі әдемі болып көрінді. Алайда біраз жылдан кейін гель көптеген визуальды кері әсерлерін бере бастайды. Мәселен гель орнынан жылжып, түйіршіктенуі мүмкін. Нәтижесінде еріннің жасанды екені көрініп тұрады. Бұндай процедура сіңіліме жасалаған кезде нәтижесі өте жақсы болды. Бірақ бірнеше жыл өткеннен кейін гель түйіршіктерге айналып, ерін табиғи әдемілігін жоғалта бастайды", - деген Лидо қыздарға сіңлісінің сәлемін жолдады.
Қыздар менін сіңілім сіздерге: Менің қателігімді қайталамаңыздар, табиғи сұлулықтан артық ештеңе жоқ", - деп сәлем жолдады дейді Лидо.