Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы телевизия саласындағы майталман әріптесі Бейсен Құранбекке аса әсерлі жазба арнады. Өзі үлгі тұтқан ағасының қазасы оған да аса ауыр тиген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы өзімен бір арнада қызмет еткен Бейсен Құранбекке қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол телевизиядағы ағасы қажырлы еңбегінің арқасында бәрін мойындата алғанын жазды.
"Ол «Айтуға оңайда» болғанда, біз «Әйел бақыты» едік. Бір арна, бір мүдде, бір идеология. Мақтаса да біргеміз, айғай естісек те біргеміз. Кешкі уақытта қатар тұрған бәсекелес арналардағы жобаларды «Ол уақытта Айтуға оңай тұр, бесполезно», - дейтін. Ағаның командасы расымен мықты еді. Қанша игі іс жасады, қаншама көрермені болды. Бұл жылдар бойы жасаған еңбегінің арқасы, жемісі. Бәрі мойындайтын, бәрін мойындатты. Ауырып жүр деген ақпарат тарағанда әріптесі жоққа шығарып еді. Білдіргісі келмеген шығар. Иманды болсын. Бәрі уақытша. Қас қағым сәтті қиқым теріп, біреуді ренжітумен өткізбейікші" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Бүгін, 18 мамыр күні таң атысымен белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабар келіп түсті. Ол небәрі 49 жасына қараған шағында өмірден озды.