"Жайдарман" көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған Мереке Қалбаева алғаш рет ана атанды.
Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.
КВН жұлдызы ана атанғанын сүйіншілеп, instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Мен мама болдым. Аллаға шүкірден басқа не айтасың?! Ойбай-ай "Жаның қалсын" деген сөздің мағынасын жаңа 3 сағат алдын түсіндім".- деп жазды ол.
Бұған дейін Мереке мен Арсен қызы болса, нәрестенің өкіл анасы әнші Гүлнұр Оразымбетова болды деп жоспарлаған еді.