Әнші Гүлнұр Оразымбетованың жақындары ауыр індет жұқтырды. Әлемде тараған дерт әншінің отбасына да жетті. Оразымбетова көпшілікті сақтыққа шақырды.
Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.
"Мына өмір не болып кетті? Елді айналдырған дерт бізге де келді. Сенбеген едім, сенгім келмеп еді. Өзімді алдап едім. Бірақ жақындарымнан коронавирус анықталды. Күні бойы жыладым. Сақ жүріңіздерші. "Сақтықта қорлық жоқ" деп бекер айтылмаған. Мына аурудың беті жаман. Алла сақтасын. Жаман ауруды бізден алыстатшы, Аллам. Алас, алас", - деп жазды Оразымбетова.
Желідегі оқырмандар шипа тілеп, пікірлерін жазып жатыр.
"Бұл ауру жоқ болсыншы, қаншама адамдар ауырып жатыр", "Шипа тілеймін, жамандық шақырмаңыз, бәрі жақсы болады", "Біреу сенеді, біреу әлі де сенбейді, аурудың бары өтірік емес", "Сақтаныңыздар, ауру айтып келмейді, балаларды сақтандырыңыздар", - деді желі қолданушылары.