«Күлпәш» образымен танылған Берік Тұрсынбеков сары фартуктың тарихын баяндады

Кейіпкер Күлпәштің образын аша түскен дүниенің бірі – сары алжапқыш.

Қалың көпшілік “Күлпәш” деп танитын “Шымкент шоу” әзіл-ысқақ театрының директоры Берік Тұрсынбеков ауыл келінінің образы қалай дүниеге келгенін бастан-аяқ баяндады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көрермен көзайымына айналған “Күлпәштің” образы қалайша қара торы, бойшаң жігіттің төлқұжатына айналғаны көпшілікке қызық. Бұл туралы Берік Тұрсынбековтың жұбайы Қарлығаш Ахметова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында айтып берді.

“Бекеңе бір айтыскер апаның рөлі берілді. Алайда бұл кісі ешқандай әйелдің образын шығара алмады. Медет Достаев деген режиссеріміз: “Сен бәрібір еркек сияқты болып отырсың. Әйелдің, апаның қимылын, іс-әрекетін келтір” деді. Бекең сол күйі әйелдің образын іздеп кетті. Әпкелерін, қайын әпкелерін сырттай бақылап, образ іздеп жүрді. Бізде Гүлзада деген қыз болды. “Күлпәштің” образы сол қызға арналған еді. Соны ойнау үшін ол үйіндегі анасының халатын алып келген екен. Сөйтіп интермедиа барысында Берік “Күлпәшті” сомдап көреді. Сонда Гүлзада Берікке:

“Сен осыны ойнай бер. Менен қарағанда сен тартып кеттің” деді. Сөйтіп “Күлпәшті” Берік ойнайтын болды. Концертте жүрген кезде Берік рөлді сомлау үшін әйелдің киімін таппайды. Сонда Гүлзада Берікке өзі киген анасының көйлегін береді. Сол Күлпәштің көйлегі әлі бар, бір жері сөгілген жоқ”, – дейді Қарлығаш Ахметова.

Кейіпкер Күлпәштің образын аша түскен дүниенің бірі – сары алжапқыш. Оның да өз тарихы бар дейді Берік Тұрсынбеков.
“Cауда-саттықпен айналысатын енем “Дастархан” деген шәй қорабының ішінен шыққан фартукты маған беріп: “Осыны аласыңдар ма? Сендерге керек болады” деді. Ол екі мыңыншы жылждардың басы, әркімнен киім жинап жүреміз. Жалаңаяқ, ашпыз, киімдерді тонап кетеміз”, – дейді ол танымал бола бастаған кезін еске алып.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста