Күлкілі сыйлық

Маусымның 6-сы күні елордадағы Жастар мәдениет сарайында оңтүстіктен шыққан әзілқойлар – «Шаншар», «Шымкент-шоу», «Нысана» театрлары бірлесіп, «Әзілің жарассын, Астана!» деген тақырыппен Астана жұртшылығына әдемі әзіл кешін сыйламақ. Дәл қазір аталған театр өнерпаздары Астананың туған күніне қызу дайындық үстінде.
Бүгінде түйдек-түйдек әзілдерімен ха­лықты күлдіре отырып, жанды жерін уыт­ты сөзбен түйреп түсер әзіл-оспақ отау­ла­рының арасында оңтүстіктен шық­қан «Шаншар», «Шымкент-шоу», «Ны­са­­на» театрлары басқалардан оқ бойы озық тұр. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес, өйткені аталған театрлардың қойы­­лым­­дары дәл бүгінгі күннің проб­ле­масын дөп басып көтеріп жүр десек, артық айтқандық емес. Жылда жаңа қойылым­да­рын көрермен асыға күтетін театрлар келесі маусымда да өткір тақырыптарды көтеріп, репертуарларын жаңартпақ ойда. Бұл туралы газетіміздің тұрақты оқыр­­маны, «Шаншар» театрының ди­рек­торы Уәлибек Әбдрайымов бола­шақ жоспарларымен бөліскен еді. «Шіл­де­ден бастап, қыркүйекке дейін «Шан­шар» театры демалып, күзде жаңа қойы­лым­да­рымен шығармашылық жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ. Өткен маусымда көрерменнің есінде болар, біз «Ауылым – әнім» атты комедиялық қойылымды сах­наға алып шықтық. Одан кейін «Боз­бойдақ» атты комедияны сахналадық. Қазіргі кезде қоғамдағы ең үлкен мәселе­нің бірі – отырып қалған кәрі қыздар жайы. Аталған қойылым осы тақырыпты қозғай­ды. Сондай-ақ ұжым болып «Кәрілі­гім­ді сағындым» деген қойылымды сәтті шы­ғар­дық. Міне, «Шаншар» театры тек әзіл-сықақ қойылымдарын ғана емес, театр сахнасына арналған комедияларды халыққа ұсынуда. Сондай-ақ қазіргі кезде театрға көптеген жас дарынды актерлер ағылып келуде. Солардың арасынан на­ғыз талантты дегендерін таңдауға тыры­сып бағудамыз. Сәті түссе, болашақта кө­рермендеріміз «Шаншар» театрының құ­рамынан жаңа дарындарды, шебер актерлерді көретін болады», – дейді Уәлибек Әбдрайымов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста