Көзсіз де кітап оқуға болады

Көзсіз де кітап оқуға болады

Керекудегі зағиптарға арналған облыстық кітапхана – қырық жылдық тарихты артқа тастап, әр сағатын жанарсыз жандардың көкірегіне жарық себуге тер төгіп келе жатқан ерекше мекеме. Бүгінгі таңда аталмыш кітапханада қызмет сапасы жетіліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық аясы кеңейе түскен.

Қазір кітапхананың мерейтойына орай облысымызда «Арнаулы кітапханалар – зағип жандар үшін әлеуметтік, ақпараттық, білім алу, оңалту әрі демалыс орталығы: негізгі қызметтері, әлеуметтік бағдарлары» атты республикалық семинар өтуде. Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған семинардың мақсаты – зағип жандарды заманауи үрдістегі жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге қол жеткізу, халықаралық семинарлар, республикалық конференцияларда көтерілген мәселелер мен жаңалықтарды талқылау.
Жалпы, тағдырдың алдында шарасыз, үнемі көмекке зәру жандарға көмек көрсетуді мақсат еткен облыстық кітапхананың жұмысы жайлы айтар болсақ, оның қорындағы әдеби кітаптар, естеліктер, фантастика және басқа да кітаптардың жалпы саны 70 мыңға жуық көрінеді. Соның ішінде 34 мың кітап көзі нашар көретіндерге арналған. Кітапхана қызметін бүгінде мүмкіндігі шектеулі 2570 азамат пайдалануда. Кітапхананың «Сыртқы абонементі» аймақтағы барлық елді мекендерге сұранысқа сай әдебиеттерді жөнелтеді. Мүгедектерді кітапхана қызметімен толық қамту мақсатында аудандық орталық кітапханалармен де келісімдер жасалып, дауыстап оқу үйірмелері мен түрлі клубтарды қамтыған арнайы кітапханалық пункттер ашылыпты.
Гүлбаршын Балғожина, Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры:
– Мемлекетімізде көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар жүйесі бар. Арнайы техникамен жабдықталған осындай кітапханаларды жетілдіре түсу мақсатымен республикалық, халықаралық семинарлар өткізуді дәстүрге айналдырдық. Биыл республикалық кітапхана мамандары әдістемелік жұмыстарға ғана көңіл бөліп, ұйымдастыру жүгін Павлодар облыстық зағиптар мен көзі нашар көретіндер кітапханасы мойнына алып отыр.
Наталья Мазурина, Облыстық зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхананың ардагері:
– Біздің кітапханада зағип жандардың жағдайы жан-жақты ойластырылған. Оқырманға қажетті мәліметтерді кітапханашылар өздері тауып, дауыстап оқып береді. Дауыстап оқу және әр оқырманмен жеке жұмыс істеу үшін арнайы кабинкалар қарастырылған. Егер оқырман әлдебір себептермен кітапханаға келе алмаса, «Үйдегі абонемент» қызметін пайдалануға мүмкіндік бар. Біз кітапты телефон арқылы таңдауға көмектесіп, үйіне де жеткізіп береміз. Жалпы, бұл салада қиындықтан қажымайтын-талмайтын, өзінің уақытын аямаған, өзгенің көңілін аялаған жігерлі жандар ғана қызмет етеді. Кітапхана кіреберісінде оқырмандарды кезекші қызметкер қарсы алып, қызмет көрсету кафедрасына, каталогтік шкафтарға және кітап сөрелеріне жеткізеді. Тағдырдан қағажу көрген, бір тамшы сәулеге мұқтаж жандарға қызмет көрсету оңай шаруа болмаса да, кітапханашылар әрдайым адамдық биігінен көрініп, өз оқырмандарының алғыстарына бөленуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста