Кеше Президенттік мәдениет орталығында «Когуре – Шығыс Азияның ежелгі мәдениетінің ошағы» атты көрме ашылды. Кореяның «Солтүстік-Шығыс Азия тарихы» қорының президенті Ким Ен Док мәлім еткендей, аталған көрме тамыз айының 20-сына дейін жалғаспақ.
Көрмеде ежелгі Когуре мемлекетінің тарихи жәдігерлері, көне жазулар, мәдени байланыстардың көріністері мен сәулет өнерінің ғажайып туындыларын тамашалауға болады. Солтүстік-Шығыс Азия аумағында 700 жыл бойы мемлекет құрған Когуре елі Қазақстан аумағын мекендеген сақ, ғұн тайпаларымен, сондай-ақ басқа да халықтармен көшпелілердің кең даласы арқылы байланысқа түсіп, осының арқасында өзінің мәдениеті мен өркениетін өркендеткен.
«Бұл көрме Қазақстан мен Корея Республикасының ежелгі байланыстарының дәлелі іспетті. Аталмыш шара екі елдің қазіргі мәдени-тарихи достығының заңды жалғасы болса керек», – дейді Ким Ен Док.
Корей елінің көне жәдігерлері – Қазақстанда
Последние статьи автора