Көненің құнын білмейміз

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ғаламды қаржы дағдарысы жайлаған тұста қалталы азаматтар ақшасын қалай сақтарын, қай салаға құярын білмей бас қатырып жүр. Себебі кеше ғана бағасы аспандап тұрған зәулім сарайлар мен темір тұлпарлардың бағасы бүгін күрт құлдырап кетті. Алайда ақылды адамдар ешқашан өз бағасын жоймайтын, қайта күн өткен сайын қымбаттай түсетін нәрсенің не екенін біледі. Сондықтан дағдарыстың салқынын сезгеннен-ақ олар қолдағы ақшасын банкке, депозитке не болмаса жылжымайтын мүлікке емес, қымбат бағалы картиналар, зергерлік бұйымдар сатып алу арқылы антиквариат саласына салады. Себебі дағдарыс қанша қысқан сайын, көне дүниелердің құны өсе беретіні – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
Шындықтың шымылдығын ашып қа­райық­шы, қазақтың небір құнды дүниелері қайда кетті? Ұстағанның қолында, тісте­ген­нің аузында шекара асып, сатылып кетті емес пе? Оның себебі елімізде жәдігерлер мен оны жинақтаушылар арасын реттейтін заң жоқ. Тек Қазақстаннан тарихи құнды бұйымдарды сыртқа шығаруға тыйым са­латын кеден бұйрығы ғана бар. «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқтығын пайда­ланған шетелдіктер қазақтың небір қалы кі­лемдері, баға жетпес зергерлік бұйым­дары мен ертоқымдарын тиын-тебен беріп, алып кете барған.
– Өкінішке қарай, 50 доллардың шетін көр­се, қандай құнды дүниені болсын қуа­на қолтықтатып жіберген аңқау азамат­та­рымыз әлі де бар, – деді Қазақстан Рес­публикасына еңбегі сіңген мәдениет қыз­­меткері, еліміздегі санаулы ғана жәді­гер жинаушылардың бірі Азат Әкімбек.
Көненің көзіндей құнды жәдігер­лері­міз­ді құнттамауымыздың сыры неде? Бі­рін­ші себебі – көшпелі өмір салтын кешкен кешегі бабаларымыздың өмірі аттың жа­лында, түйенің қомында өткендіктен, көл­де­нең жатқан көне бұйымды көтеріп алуға мұршасы да келмеді. Екіншіден, Кеңес Одағы тұсында көрсету былай тұрсын, ан­тиквариат туралы айтудың өзі қылмыспен бара-бар еді. Өйткені рухани мұра жеке­меншіктің емес, мемлекеттің ғана иелігінде болуы тиіс еді. Қазіргі жинақтаушылардың арасында сол заманды көзбен көрген Азат Әкімбек өзінің талай тергеуге алынып, әрбір басқан ізі аңдуда болғанын айтады. Сол кезбен салыстырғанда, қазір жағдай әлдеқайда тәуір деуге болады.
Айтпақшы...
Қазіргі таңда Қазақстандағы ең атақты жәдігер жинақтаушы – Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. «Орхон-Енисей» жазуларын елге алып келген зиялы азаматтың қолында түркі жұртының, Кавказ халықтарының көне ғасырларда қол­данған құнды дүниелері, әсіресе, зер­герлік бұйымдары көп екен. Қазір оның коллекциясы Елордадағы Президенттік мәдениет орталығында көрмеге қойылған. Одан кейінгі орында тұрған жинақтаушы – атақты кино әртісі Меңтай Өтепберген. Жалпы, кино тарихындағы маркалар мен қазақ киносының тарихын бейнелейтін ки­ноафишалардан тұратын Меңтай Өтеп­бергеннің көрмесі шетелдерде жиі көр­се­тіліп тұрады. Бүгінде олардың қатарына қазақтың зергерлік бұйымдарымен, бал­бал тастарымен және де қалалардың көне суреттерін жинаумен әуестенуші коллек­цио­нерлер қосылуда.
Сондай-ақ қазір қазақтың қалталы аза­­маттары антиквариатқа көңіл бөле бас­тапты. Кезінде тойларда бір-біріне те­ле­ди­дар, кір жуатын машина сыйлайтын жұрт қазір біртіндеп өнер туындыларына, оның ішінде антиквариатқа көшуде. Бү­гінде бірінші орында сурет тұр. Жағдайы жет­кендер Қастеев, Шарденовтермен қа­тар, әлемдік аукционда жоғары баға­ла­на­тын Еуропа мен Ресейдің атақты сурет­ші­лерінің картиналарын бір-біріне сый­­­­­­­­­­лай­­­­­­тын болыпты. Сондай-ақ мерей­тойларға адам­­ның жас шамасына қарай, мәселен 35-40 жас шамасындағы жігіт­терге – қару-жарақ, 50-ден асса – көне «Құран-Кәрім» секіл ді түрлі жәдігерлер тарту етеді.
Өнер туындыларының осылайша қым­бат бағалануының сыры – оның ғасырлар өркениетінен сыр шертетіндігінде. Әйтсе де бүгінде жалған жәдігерліктерді жасай­тындар да аз емес. Қашанда «көшірудің шебері» Қытай «қара антиквариаттың» да отаны саналады екен. Көбіне олар қазақ­тың қылышын, фарфор бұйымдарды жа­сап, 40-50 долларға сатса, саудагерлер оның үстіне он есе бағасын қойып, сауда­лап жүр. Ондай жалған жәдігерге кімдер ұры­нады? Алаяқ антиквариат сатушылар бү­гінде жұмысбасты, қызмет орнынан бір сәтке кете алмайтын бизнесмендердің ма­ңын торуылдайтын болып алған. «Мынау менің арғы атам не әжемнен қалған еді, дүкендерде бұл бәлен тұрады. Маған аяқ­асты ақша керек болып қалды, әйтпесе сатпас ем» деп мүләйімсіген саудагердің сөзі мен әшекейдің әдемілігіне арбалған қалталы кәсіпкер оның құжатын да бас­қа­сын да сұрамастан ала салады. Содан күн­дердің бір күнінде көне дүниені айыра бі­летін біреу айтқанда барып, әлгі адам өзі­нің алданғанын біліп, сан соғып қалады. Осындай алаяқтарға алданып қалмаудың бірден-бір жолы – құнды заттың құжатын сұрау. Сараптама жасалған сертификаты жоқ дүние дүдәмал деген сөз. Қолда бар қазынамызды сақтап қалғымыз келсе, Мә­дениет және ақпарат министрлігі ан­тик­вариат және жинақтаушылар жөнінде арнайы заң қабылдау жағын қолға алуы қажет. Осындай ұсынысты айтып жүргеніне біраз жыл болған Азат Әкімбектің қо­лын­дағы құнды жәдігерлердің саны 15 мың­нан асып жығылады екен. Ал Ә.Қастеев атындағы еліміздің ең басты мұражайында 21 мың зат бар. Былтырлары осы мұра­жайдың тоналғаны да естеріңізде болар. Соның бәрі біздің салғырттығымыздан. Заң болмағандықтан, бүгінде бір ғана Ал­матының өзіндегі 20-дан астам антиква­риат салондарында қай зат қандай бағаға сатылып жатқанын ешкім де қадағалап отырған жоқ. Есті ел ретінде етек-жеңімізді жинайтын кез жетті ғой. Қашанғы тонала бермекпіз? Коллекционер дегенге үрке қарамай, тереңіне бойлайық та. Себебі ол тірнектеп жинағанын өзімен арқалап кете алмайды ғой. Ерте ме, кеш пе, жәдігерлер мемлекеттің қарауына көшеді. Алысқа ұза­май-ақ қояйық, Ресейдің атақты кол­лек­ционерлері Павел Третьяков, Пуш­кин мұражайын құрған Марина Цветаеваның әкесін алсақ та, жинаған дүниелері қазір Ресейге қалды емес пе?..

Прайс-парақ
Картиналардың ең төменгі бағасының өзі 25 мың доллар болса, ең жоғарысы 500 мыңға дейін жетеді. Ал «Құран-Кә­рім­дердің», пергаментпен жазылған бір бетінің өзі әлемдік нарықта 1430 доллар тұрады. Кілемдердің бағасы 4500 фунт-стерлингтен басталады.

Ол аз десеңіз...
Таяуда Алматыда болған бір аукционда қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қас­теевтің бір картинасы 175 мың долларға бағаланған. Содан бір қалталы жігіт «Джип» автокөлігінің кілтін ұсынып, Азат Әкім­бектен сол картинаны сұрайды. Әри­не, қалталы жігіттің қолы кейін қай­тары­ла­ды, себебі көліктің құны өнер туынды­сының бағасына балама бола алмайтын еді. Айтқандай-ақ сол кезде 100 мың АҚШ доллары шамасында тұратын қым­бат көліктің қазіргі бағасы 70 мыңдай ғана. Ал картина құны күн санап шарықтау үстінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста