Көне ыдыста көп мән бар

Еліміздің археологтары Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы ескі қорымнан «тарихи сенсация» деуге лайық көне ыдыс тапты. Және соның негізінде «Еуразия даласының ежелгі тайпалары кәдімгі кеншілерден кем түспеген» деген ұйғарымға келіп отыр. Ыдыстың «жас мөлшері» шамамен алғанда 4 мың жылды құрайды.
Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі Жолдасбек ҚҰРМАНҚҰЛОВ осы жаңалықтың жай-жапсарын бізге былайша әңгімелеп берді.

– Бұл Орталық Қазақстан аумағында андрон дәуірінің өзінде, яғни б.д.д. II мыңжылдықтың басында үлкен өркениет болғандығын дәлелдейді, – дейді археолог. – Соның нәтижесінде адамдар қоладан түрлі нәрселер жасай алған және тек қару-жарақ немесе тұрмыстық заттар жасаумен ғана шектелмеген, шеберлік технологиясын да жетілдіріп отырған.

– Ал табылып отырған көне ыдыстың құндылығы неде?

– Ащысу өзенінің бойындағы қорымнан табылған бұл ыдыстың түрі, жалпы пішіні қола дәуірінің ыдыстарымен бірдей. Тек қола дәуірінде ыдыстар, негізінен, саздан жасалынған. Қола дәуірін зерттеудің тарихы қазір 100 жылға жақындап қалды. Мыңдаған қорымдар қазылды. Бірақ Байкалдан Оралға дейін созылып жатқан Еуразия даласынан қола ыдыс тұңғыш рет табылып отыр. Жаңалықтың ерекшелігі сонда. Дегенмен оның құндылығы тек қоладан құйылғандығында ғана емес. Аталған дәуірдегі қоғамдық құрылысты зерттей отырып, біз осы уақытқа дейін «ол кезде рулық, тайпалық қатынас орын алды, адамдардың тұрмыс деңгейі біркелкі болды» деп есептеп келгенбіз. Алайда Ащысу зиратынан табылған қола ыдыс сол тайпалық қатынастағы адамдардың өзінің дамудың әртүрлі сатысында болғандығын көрсетіп отыр. Яғни сол кездің өзінде адамдар бай, кедей, абыз, әскербасы тәрізді түрлі деңгейлерге бөлінген. Осы ретте, біз ыдыс табылған зиратта рубасы болмаса әскербасы жерленген деп топшылап отырмыз. Мұның сыртында сол маңайдағы қорымнан жанына қос ат жегілген екі дөңгелекті әскери арба қоса көмілген үш мәйіт табылып отыр. Мұндай көрініс бұған дейін тек тастағы суреттерде ғана бейнеленіп келген. Ал табиғи күйінде бірінші рет кездесіп отыр. Бұдан шығатын қорытынды – арба ең алғаш рет қазақ даласында қолданысқа еніп, содан барып кейіннен Жерорта теңізі, Греция, Рим арқылы Батысқа тараған.

– Көне ыдыстың қандай мақсатта пайдаланылғаны анықталды ма?

– Ыдысты қоладан құю – қай кезде де үлкен өнер. Қасына сондай ыдыстың қойылуы қайтыс болған кісінің өте беделді адам болғанын көрсетеді. Құрылысына қарағанда ыдыс құрамалы: түбі бөлек құйылған да, үстіңгі бөлігі шамның әйнегі іспетті бөлек кигізілген. Осының өзі оның тұрмыста емес, негізінен, ғұрыптық мақсатта қолданылғандығын және ол адамның басқалардан ерекшелігін білдіреді.

– Осындай құнды ескерткіштің тура қазақ жерінен табылуында не сыр бар?

– Бұл ыдыстың қазақ жерінен табылуының бірден-бір себебі – бізде мыс кендерінің молдығынан. Сосын оны балқытып, зат жасай алатын шеберлердің ерте кезден-ақ көп болғандығынан. Мысалы, көне замандар мен орта ғасырларда Орталық Қазақстан мен Жезқазған жерінен 1 млн тоннаға жуық мыс кені өндірілген. Тіпті басқа аймақтардың көпшілігі мыс дегеннің не екенін білмей тұрған кездің өзінде, мұндағы жергілікті халықтың басты кәсіптерінің бірі – мыс өндіру және балқыту болғандығын, сондай-ақ одан тұрмысқа қажетті заттарды жасай білу өнері кеңінен дамығанын аңғарамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста