Композитормен кездесу

Жуырда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор, жазушы, музыка зерттеушісі Илья Жақанов және «Фолиант» баспасы өкілдерімен кездесу кеші өтті.
Әдеби-танымдық кездесу кешін уни­вер­ситет ректоры Асхат Иманғалиев ашып, ком­позитор шығармашылығы тура­лы жү­рек­жарды сөздерін айтты. Бұл бас­қо­суға аталған оқу орнының оқыту­шы­ла­ры мен сту­дент жастар және баспасөз өкіл­дері қа­тыс­ты. Кездесу барысында Илья Жақа­нов өнердегі әріптестері мен қанат­тас қа­лам­гер­лер жайында сыр шертіп, талант биі­гіне жетудің қыр-сырымен бөлі­сіп, өзі­нің кейбір әндерінің туу тари­хына тоқ­тал­ды. Өзара пікіралмасу түрінде өткен кез­десуде композитор кешке қатысу­шы­лар­дың көп­те­ген сұрағына жауап берді. Бұдан соң уни­верситеттегі мәдениет жә­не өнер фа­куль­тетінің студенттері мен оқыту­шы­ла­ры ком­позитордың біраз әндерін нақы­шына кел­тіріп шырқады. Ал «Фолиант» бас­па­сы­ның өкілдері өздері басып шы­ғар­ған композитор, қаламгердің музыка сала­сын қамтыған циклды кітаптарымен таныс­тыр­ды. Бұл кездесудің студент жастар үшін тағылымы мен өнегесі мол болды.

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА, БҚМУ қауымдастырылған профессоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста