«Көмек командасы» жәрдемге асығады

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасы жаңа телевизиялық маусымды 12 бірдей жаңа жобамен бастады. Олардың ішінде өз алдына бір төбе болып ерекше көрінгені «Көмек командасы» атты бағдарлама болып отыр. Бұл хабардың – «Ашыққанға балық берме, қармақ бер!» атты ұранының өзі оның бағыт-бағдарын айқындап тұрғандай.


«Көмек командасы» жобасының мақ­саты – қолынан іс келетін, бірақ өз ісін бас­таудың көзін таба алмай жүрген жандарға қол ұшын беру. Бірақ бұл хабардағы жәр­дем көрсету түрі ерекше. Хабарда мұқтаж адамға тек ақыл-кеңес беріліп немесе бір реттік ақшалай көмек көрсетілмейді. Мұн­да адамдарға көмектесу үшін арнайы команда құрылған. Олар ақылдаса оты­рып, талапты адамға оның өз ісін бастап кетуіне қажетті құрал-жабдықты алып береді және алғашқы кезеңде азаматтың ісін бастап кетуіне септеседі.
Идея авторы – «Қазақстан-Ақтау» те­ле­арнасының директоры Жанахмет Ағы­баев. Оның айтуынша, мұндай фор­мат­тағы жаңа хабар ашуға екі нәрсе себеп болыпты. «Біріншіден, біз осы арқылы Ел­басының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақала­сында айтылған тапсырмаларды іске асыр­мақпыз. Екіншіден, бұл – хабар арна­мызда бұған дейін болған «Асар» жобасы­ның жалғасы. Көмекке мұқтаж жандар өте көп. Сондықтан біз бар көмекті бір адамға үйіп-төгіп тастағаннан гөрі мейлінше көп адамды қамтыған дұрыс деп шештік. Мы­салға, сол бір үйді салуға кеткен 5 мил­лион­ға біз кемінде 20 адамға тігін маши­насы, шағын жылыжай сияқты өз ісін бас­тап кетуге қажетті түрлі құрал-жабдық алып берер едік», – дейді жоба авторы.
 Хабар барысында құрылған команда мүшелерінің арасында «Нұр Отан» ХДП, «Атамекен» одағының өкілдері, қоғам қай­раткерлері, облыстық мәслихат депу­тат­тары бар. Ең алдымен олар жәр­дем сұрап, хат жазған адамдардың өтініштерін қарап, көмекке лайық деген азаматты ірік­тейді. Одан соң команда мүшелерінің бір тобы ол кісінің үйіне барып, көмекке шын мұқтаждығын тексереді, нақты қолынан іс келетініне көз жеткізеді. Мұнан соң қайта жиналған команда мүшелері ол азаматқа қалай және қандай көмек көрсету қажет­тігін шешеді.
– Біз, негізінен, азаматтардың ой-түй­сік­теріне әсер етуді көздейміз. Егер та­рық­қан адамға тек азық-түлік немесе ақ­шалай жәрдем жасасаңыз, ол ішіп-жеп тауысқан соң сізге қайта келеді. Бұл ма­сыл­дық түсі­ніктің қалыптасуына әкеліп соғады. Ал біз масылдарға емес, тек та­лап­танған, еңбек­қор жандарға нақты кө­мек көрсетіп отыр­мыз. Олардың өз ісін бас­тап, әрі қарай аяғы­нан қаз тұрып кетуі­не жағдай жасай­мыз. Мысалға, келе­сі ке­йіп­керлеріміздің біріне мал алып берсек, тағы біріне шағын жылыжай т.б. қолдау көр­сету ойда бар. Осындай мысалдар ар­қылы елдің еңбек­ке деген ынтасын артты­рамыз, – дейді Жанах­мет Ағыбаев.
Бұл күндері телеарнаға өтініш айтып келген адамдар саны күрт артқан. «Көмек командасы» олардың бәріне көмекке келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста