Соңғы уақыттарда Алматыда орналасқан Ұлттық кітапхана халықаралық деңгейдегі көптеген ауқымды жобалар мен жалпы, ел руханиятына қатысты бірқатар игі шаруаларды жүзеге асырып келеді.
Соның бір дәлелі ретінде кеше ғана аталған кітапханада «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының мәселелері» атты республикалық конференция-көрме болып өтті. Тарихшы ғалымдар мен қаламгерлер бас қосқан жиын барысында ұсынылған көрмеде Қазақстан кітапханаларының және республикалық кітап мұражайының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан 400-ден аса құнды жәдігерлері назарға ұсынылды. Конференция-көрменің жұмысына, сондай-ақ республикалық кітапханалар басшылары және сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапхананың, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының, Республикалық кітап мұражайы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жетекші мамандары да осы ғылыми басқосуда тақырыпқа орай өз ұсыныстарын ортаға салды. Алқалы жиында бас қосқандар Қазақстан кітапханаларындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының қазіргі жағдайы мен оны толықтыру, сақтау, қайта қалпына келтіру сияқты өзге де өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Кітап мәселесі қаралды
Последние статьи автора