Киіз үйдің қадіріне жетіп отырмыз ба?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ықылым заманнан қазақ танымы өзінің «кіші әлемін» қадірлеуге, әспеттеуге құрылған. Ол – сенің береке-бірлігің, құт ұйыған алтын ұяң. Көшпелі мен қалалық тұрмыс-тіршілікті қатар кешкен бабаларымыз шаңырақты кие тұтып, босағаны баспады, табалдырықты кермеді.
Ал бүгін ше? Киіз үй мерекелік жиындар мен қымызханалардың қажеттілігін өтеп тұр. Оған да шүкір дерсіз. Иә, бірақ ол атам қазақ көшіп-қонған киіз үй ме екен? Жоқ, қайдағы. Бақаны жоқ, кереге мен шаңыра­ғы (егер оны шаңырақ деуге келсе) темір­ден жасалған киіз үйді қазаққа телуге әсте болмас. Бір кездері тиын-тебенге тонналап шекара асқан металлоломдарымыздың бір парасы енді бізге мың долларлық темір тордай киіз үйлер болып оралып жатыр. Киіз орнына – палатка, ағаш орнына – темір. Қазақты қолға үйренген тоты құстай темір торға қамағысы келген болар, бәлкім. Көшпелі баспанадан күнкөрістің есебін тапқан ағайынның санасы тарихи танымнан жұрдайлығына қарның ашады. Иә, ақыры қымызхана ашуға бел буған екенсіз, қазақтың салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан хабардар болуға не кедергі? Иә, киіз үйдің ішін желбаумен, басқұрмен, ұлттық жиһаздармен безендіру жағы да сын көтермейді. Одан бөлек, қымызха­наларда ұлттық әндеріміз бен күйлеріміздің күйтабақтары ойнап тұрса ғой деп арман­дайтынымыз рас, енді. Әйтпесе дүңкілде­ген-дүрсілдеген музыкадан киіз үй мен қымыздан алып отырған тәп-тәуір әсеріміз­дің быт-шыты шығып жатады. Әлгі қымыз­ханалар маңында қазақтың ұлттық тағам­дары мен киіз үйі жөнінде ақпараттық тақтайшалар ілінсе, тіптен қатып кетер еді. Бұл қымызхананы мәнді де сәнді етіп, өзіміз түгіл өзгелердің де тарихымызды тануға септігі тимек.
Иә, айтпақшы, Кеңес Одағы тұсында Үштөбеде бұрынғы одақ бойынша киіз үй жасайтын жалғыз фабрика жұмыс істейтін. Бұл фабрика 1960 жылдардың орта тұсында ашылған еді. Оның өнімдері мал шаруашылығы саласында, құрылыс отряд­та­рында, демалыс орындарында, сонымен қатар жер сілкінісі мен су тасқыны сияқты табиғат апаттары кезінде де қолданылды. Кезінде фабрика алтын медальге ие болған. Тәуелсіздік орнаған тұста комбинат құрдымға кетті. Енді киіз үйлердің сүйегінің ағашы бар, темірі бар – барлығы дерлік шетелдерден тасымалданады. Қытай, Моң­ғолия, Қырғызстан сияқты елдерден аспандаған бағамен сатып алумен келеміз. Бізде маман да жоқ емес, ағаштан түйін түйген шеберлер жеткілікті. Тек солардың басын біріктіріп, іске қосатын арнайы жүйе жетіспейді. Ұсталардың мемлекет қамқор­лығынсыз қалғандығы өз алдына бөлек тақырып.
Киіз үйдің маңдай алды міндетті түрде күншығысқа қаратылып тігіледі. Таңсәріде шапағы шашырай көтерілген күнге мінәжат етіп, шапағат тілейтін арғы ата-бабалары­мыз. Есіктен түскен сәуле күн биіктегенде шаңырақтан шуақ боп төгіледі. Өлім аузын­­дағы жан «өлсем де күн нұрын бір көріп көз жұмайын» деп басын құбылаға төсейтінін ұмытпаған жөн. Бүгінгі киіз үй тігушілерге «есігін шығысқа неге қаратпа­дың?» десең, айтқанға көне қояр ма екен?
Киіз үйді қазақтардың кіші әлемге балап, кие тұтқанын Ақселеу Сейдімбектің «Киіз үйді де іргесі, белдеуі, шаңырағы деп үшке бөледі. Көк күмбездің Тәңірі тектес құдірет саналатыны сияқты, киіз үйдің де шаңырағы – ең киелі бөлігі. Көшпелілер шежіресінде ел бастаған көсемнің, қол бастаған батырдың, сөз бастаған шешеннің шаңырағы қай баласына бұйырса, сол үй үлкен үй, қара шаңырақ аталып, ол үйдің иесі айрықша сый-құрмет пен жол-жоралғыны еншілейтін болған» дегенінен аңғарамыз.
Арғы бабаларымыздың әлемнің, жер­дің шеңбер пішіндес екенін жазбай таны­ғанын осы киіз үй құрылымынан бажай­лаймыз. Көшпелі тұрмысқа ыңғайлы үйдің сан алуан түрінің барлығының (қос, күрке, абылайша, туырлық үй, ақ үй, қара үй, отау, орда) шеңберленіп келуі осыған саяды. Есте жоқ ескі замандар қойнауын­дағы қорымдардың дөңгелене салынуы біздің бұл тұжырымымызды бекіте түседі. Тәңірімен тілдесу нүктесі ретіне сүйір­лене биіктейтін ғұн, сақ, үйсін қорған­дары­ның киіз үймен, шек­сіз әлеммен бай­ла­ны­сы жоқ деп кім айта алады. Ертеден бү­гін­ге дейін ұлы адам­дардың ба­сы­на тұрғызылған күм­без­дердің шең­берлі пі­ші­ні ұлттық сәу­лет өнерімізден там-тұм­дап болсын хабар беріп тұрған­дай көрі­неді. Әлгін­дей ғажа­йып та­ным­­ның арқа­сында әлемдік өрке­ниет­тің алғашқы жа­ңалығы – дөңгелектің дүниеге келгені деп білген жөн. Әйткен­мен «Осы күні киіз үйдің сұлбасын бере­тін шығыстық үлгідегі ғимараттар, ұлттық ою-өрнектегі зәулім үйлер қазақ жерінде неге жоқ?» деген сауал өз-өзінен көл­денең шығады.
Қазақта тұрақты және жылжымалы бас­панаң болғаны – көшпелі де, отырық­шы да тұрмыс-тір­шіліктің нышаны. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ даласында киіз үйдің қола дәуірінен бастап болғандығы жөнінде деректер бар. Қазбалай түссек, бұл төңі­рек­тегі деректер, мүмкін, тым әріден бастау алуы да мүмкін. Біз мұны Алтай тауларын­дағы, Сібір Баяр жартасындағы, Қырымның жақпар тастарындағы суреттерден бажай­лай­мыз. Алтайдағы Пазырық және Моңғо­лиядағы Ноин-улин қорғандарынан та­был­ған киіз үлгілері – өте ерте заманның заттай айғақ­тары. Тарихтың атасы Геродот­тың көш­пелі скифтер туралы жазбалары да молшы­лық.
Ендеше, ұлы даланың төсінде ат тұяғы­мен ойнақ салған ата-бабаларымыздың баспанасы болған, ерте дәуірлерден бастау алған, мәні мен қасиеті, сәні мен салтанаты ұшан-теңіз, тіпті Тәңірімен тілдестірген киіз үйдің қадірін неге төмендетіп жібердік?

Бір дерек
«Доңғалақты үй», «үйлі арба» жөнінде орта ғасырларда қазақ жерінде болған Гильм де Рубрук, Әбу Абдаллах Ибн Баттута, Фазаллах Ибн Рузбихан, Антони Джен­кинсон секілді жиһангездердің жазып қалдырғандары дерек береді. XVI ғасыр­дағы парсы деректерінің бірінде мынадай мағлұмат кездеседі: «Қазақтардың мұндай үйлері ағаштан тұрғызылған, қаңқасы сарайдікі сияқты көтеріңкі және мейлінше кең. Ақ қайыңнан құрастырылған қабырғалары мінсіз, өте сәнді, киізбен, сирек кездесетін түстерге боялған қой терілерімен қапталған. Осындай үйлерде қазақтың сұлтандары мен ақсүйектері тұрады. Құрылымы ерекше үйлестірілген доңғалақты үйде 20 адамның жатып-тұруына болады екен. Мұндай үйлерді қосарлап жегілген көп түйе тартады. Үйлер зәулім, биік және сыйымды, тұс-тұсынан ашпалы көздері бар терезе ойықтары берілген. Сырты киізбен жабылған. Ішкі жиһаздары әмірлер мен сұлтандардың сарайларындағыдай мейлінше әсем де үйлесімді».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста