Кевиннің құпиясы: «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі жайлы қызықты деректер

"Үйде жалғыз қалғанда" комедиясын ұнатпайтын адам жоқ. Керемет көңіл-күй сыйлайтын бұл туынды – комедия  жанрындағы ең үздік фильм.

"Үйде жалғыз қалғанда" режиссер Крис Колабустың комедиясы. Бүгінде бұл фильмсіз жаңа жылды елестету мүмкін емес. Аңызға айналған фильм әлемдегі ең көп қаржы түсірген фильм ретінде Гиннес Рекордтар кітабына да енген. Жаңа жыл қарсаңында бұл комедияны бір емес бірнеше рет қарайтыныңыз анық. Ендеше, бүгін біз сіздерге "Үйде жалғыз қалғанда" фильмі туралы қызықты мәліметтерді айтатын боламыз.

Джон Хьюз сценарий жазуға Еуропаға нағыз отбасылық сапарынан шабыт алады. Саяхат кезінде ол: «Балалардың бірі үйде қалса, не болуы мүмкін?» деп ойлайды. Және ол бұл тақырыпты дамыта бастады. Нәтижесінде танымал фильмнің желісі дүниеге келді.

«Үйде жалғыз» көріністерінің көпшілігі қызыл және жасыл реңкте жасалған. Мағынасы қарапайым - бұл Рождествоға, ағашқа және әшекейлерге байланысты түстер. Ал Кевин МакКаллистердің тарихы мен бұл мереке, біз білетіндей, ажырағысыз.

Дэниэл Стерннің бетіндегі өрмекші тірі болған. Өрмекшіні шошытып алмау үшін Стерн (Марвин) қорқынышын мимика арқылы суреттеген. Ал дыбыс кейін жазылған.

Шын мәнінде суреттегі Базздың қызы – арт-директордың ұлы. Режиссер жігіттің сүйген қызын ренжіткісі келмегендіктен фильмге өз ұлын түсірген.

Джо Пеши (Гарри) фильмнің жанұялық комедия екенін естен шығарып, түсірілім кезінде «fuck» деген сөзді жиі қолданған. Режиссерлар оған оның орнына «fridge»(тоңазытқыш) деген сөзді айт деп кеңес берген.

Түсірілімнің көп бөлігі Чикагода өткен. Ал фильмдегі Париж әуежайы, негізі, халықаралық "О' Хара" әуежайы.

Кевиннің жанұясы тұрған үй Иллинойс штатындағы Уиннетка ауылында Линкольн Авеню 671 көшесінде орналасқан. Үш қабатты зәулім үй 2011 жылы 2,4 миллион долларға сатылымға қойылған. Алайда 2012 жылы 1,585 миллион долларға сатылған. Қазір үй туристерді күтетін қонақжайға айналған.

Басында қылмескер Гарридің рөліне Роберт Де Ниро мен Джон Ловитцті шақырған. Бірақ олар бұл ұсыныстан бас тартқан екен.

Марвин басатын әйнек шырша ойыншықтары шын мәнінде тәттілерден жасалған.

"Үйде жалғыз қалғанда" комедиясын ұнатпайтын адам жоқ. Керемет көңіл-күй сыйлайтын бұл туынды – комедия  жанрындағы ең үздік фильм.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста