"Кешью" тобының әншісі Ақбота Нұр Instagram желісінде махаббаттан көңілі қалғанын байқатты. Әнші желі парақшасында жасанды махаббаттан гөрі жалғыздықты жөн санайтынын алға тартқан.
"Орындалмаған уәделер мен жасанды махаббаттың ортасында өмір сүргенше, жалғыз болған әлдеқайда артық. Қайырлы түн", - деп жазған әнші.
Бұған желі қолданушылары таңданыс білдіріп, жылы пікірлер қалдырған.
"Бота қатты бір нәрседен қиналып жүр ау", "Мұндай қызға уәдесін орындамауға, жасанды маxаббетпен алдауға кімнің дәті барады екен?", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Айта кетерлігі, әнші бұған дейін де күйзеліске түскен болатын. Ол 2015 жылдың күзінде жазылушылардан көңілі қалып, парақшасының өшірілетінін мәлімеген еді.
"Бүгін, көпшіліктен көңілім қалды. Мен барлық жазылған комментарийлерді оқимын! Менің жеке парақшамды (ластап, ойға кірмейтін сөз жазуды жақсы көретін адамдарға) раxмет! Осы беттеріңізден таймаңыздар. Және менің жеке өмірімді талқылаудың қажеті жоқ! Жақында парақшам өшіріледі", - деп жазған еді бойжеткен.
Әншінің бұл ойын өзгертуін өтініп жатқан жазылушылар әншіге "көре алмаушыларға" мән бермеуге кеңес берген болатын.