Әнші Кенжебек Жанәбіловті тойда ән айтып тұрған жерінен қонақтардың бірі келіп шашынан тартқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл видео желіде тарап кетіп, көпшіліктің қызу талқысына түсіп жатыр.
Видеодан өнер иесінің шашынан тартқан қонақты кеудесінен итеріп жібергенін көруге болады.
Оғаш көрінетін бұл оқиғаға жұрт таңданып "Дұрыс қылды", "Шашында несі бар?" "Дардай еркек істеп тұрған тірлігі не?" "МузАртқа тойға шықпау керек" деген сынды пікірлерін жазуда.