Келсап келін қайдан шығады?

Келіні жақсы үйдің керегесін алтынға балайтын халықпыз ғой. Өйткені біздің түсінігімізде келіннің аяғымен үйге құт-береке кіреді, ұрпағымыз өсіп-өнеді. Ал қазақтың келіндері қандай десеңізші?.. «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері, Көл-дария секілді пейілдері» демекші, келін дегенде көз алдымызға жүзінен нұр тамған, инабатты да ибалы нәзік жан келуші еді. Алайда кейінгі кездерде «келін» дегенде көз алдымызға Ананди немесе Сәбина келін елестейтін болды. «Алаш айнасы» осы келіндердің «келсепқа» айналуының себебін анықтап көруге тырысқан еді.

«Жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен келін келсап» деп бекер айтылмайды. Өйткені ата-анасы әлпештеп өсірген қызды жақсы келін етіп тәрбиелейтін енесі, жаңа түскен шаңырағы. Ал қазіргі біздің қоғамда келінді ата-ана да емес, ата-ене де емес, түрлі фильмдер мен ғаламтор тәрбиелеп жатыр.
«Келін» деген киелі атау берілген анайы, жабайы фильмде әркімнің астында илектенген «келін» қазақтың қыз-келіншектерін қорлау емей немене? Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов өзінің бұл фильмінің қазақтың келіндеріне қатысы жоқ екенін айтып ақталған, бірақ өзінің осы «туындысы» арқылы «келін» атауының қадірін кетіргені қарнымызды ашырады.

«Келін» киносынан үзіндісіБүгінде қазақтың келіндері Анандидің қасында «әдірем» қалған Үндінің фильмін сүйіп көретін қауым үшін Анандиден артық келін жоқ. Алайда, ағайын-ау, Ананди кешегі «Ұят болмасындағы» Айгүл секілді қазақтың келіні емес қой. Ал біз болсақ, Анандиге қарап аузымыздың суы құриды. Тіпті кейбір жастар үндінің «Келін» секілді фильмдеріне еліктегендері соншалық, тойларын үндістердің салт-дәстүрімен Үндістанда жасайтын болыпты.

>Үндістанда шықан «Келін» фильмінің үзіндісіАл енді өзіміздің елге қайта оралайық. Қазір еліміздің барлық кинотеатрларында «Келинка Сабина» атты фильм жүріп жатыр. Атауынан-ақ қазақтың келінін келемеждейтін фильм екенін аңғару қиын емес. Бұл киноны түсірген қалалық жігіт Нұртас Адамбаевтың мақсаты – қазіргі келіндердің образын жасап жұртты күлдіру болса керек, бірақ әлгі «келинкаға» қарап жылағың келеді.
Қызыл халатты киіп, басына орамал тартып алған Нұртас келін, кешірерсіздер Сәбина келін бүгінде «Жаужүрек мың баладан» да асып түсті. Мазмұны мен сапасы жағынан емес әрине, табысы жағынан. Өткен аптада кинотеатрларда көрсетіле бастаған «Келинка Сабина» бір аптада 58 630 000 теңге қаржы түсіріпті. Әлі де екі аптадай кинотеатр экранынан түсіпейтін Сәбина отандық киноемотография тарихында ең табысты фильм болмақ.
Сонымен қазіргі келіндердің сиқы осындай. Экрандағы «келсап келіндер» отбасы, ошақ қасындағы қазақтың келіндеріне көлеңке түсіріп, келемежге айналдырғаны өкінішті. Осындай фильмдерді көріп бойжеткен бүгінгі қызғалдақтай қыздар ертең келсеп болмағанда қайтсін?...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста