"Камасутраны" оқыған емеспін. Өмірдің өзі - эротика! – Асылзат Арыстанбек

Белгілі ақын Асылзат Арыстанбек әлеуметтік желіде де танымал. Оның махаббат лирикаларымен қатар эротикалық өлеңдері де барын оқырман қауым біледі.

Биыл ол жазылмайды деп саналатын қатерлі ісікті жеңіп шықты. Бұған қалай қол жеткізді? Ал эротикалық өлеңдерін қашан жаза бастады? Caravan.kz тілшісі ақынға осы және өзге де сұрақтарды қойған еді.

- Әлеуметтік желіде белсендісіз. Сондықтан өзіңізге қатысты болып жатқан жағдайлардың барлығынан дерлік хабардар болып отырамыз. Жақында жаман ауруды жеңіп шыққаныңыз туралы жаздыңыз. Қатерлі ісік жазылмайтын дерт саналады ғой. Оны қалай жеңдіңіз?

- Неге қатерлі ісік жазылмайды деп ойлайсыз? Барлық аурудың емі бар. Сондай-ақ, барлық дерттің психологиялық негізі бар. Бізде дəстүрлі медицина аурудың салдарымен ғана күреседі. Психологиялық себебі назардан тыс қалады. Сол себептен де науқастар созылмалы ауруға шалдығады. Мен өз диагнозымды білгеннен кейін оны жан-жақты зерттеп алып, түпкі негізімен күресуді ойладым. Ойымды түзедім. Күн сайын психологиялық жаттығулар жасадым. Нəтижесі өзіңіз көргендей.
- Қатерлі дерт қашан анықталды? Онымен қанша уақыт күрестіңіз?

- Осыдан 10 жыл бұрын анықталған. Дəрігерлер ісікті тоқтататын препараттар салып, операцияға көнбейді деді. Соған көндігіп, елемей жүре бердім. Былтыр жағдай күрт нашарлап, ісік үлкейе бастады. Сосын химиотерапия жасауға келісім бердім.
- Кейде қазақтың ұлттық киімдері мен әшекейлерін жарнамалап жатқаныңызды көріп қаламыз. Соларды сатумен айналысасыз ба? Сосын, осы киімдер мен әшекейлерді өзіңіз жасайсыз ба?

- Мен бала кезімнен қолөнерге жақын болдым. Кесте тіктім, ұсақ моншақтар мен бұйымдар жасағанды жақсы көремін. 5 жылдық журналистік өтілім бола тұра жұмыссыз қалғанда, əшекейлер жасаумен айналыстым. Үйде отырып əлеуметтік желі арқылы сатуға кірістім. Əжептəуір ақша таба бастадым. Сұраныс артты. Тұрақты тұтынушыларым пайда болды. Сөйтіп, қолдан жасалған əшекейлер дүкенін аштым. Енді жұрт сол əшекейге лайықты ұлттық нақыштағы киімдерді сұрай бастады. Дүкенімді үлкейтіп, əшекей мен киімдерді біріктірдім. Əр жерден жинадым. Бішкектен, Алматыдан, Бұқарадан келген ұлттық нақыштағы киімдерге лайықтап əшекейлер жасадық.
- Ал енді соңғы кездері Фейсбук арқылы мотивациялық кеңестер жазып жүрсіз. Оны қалай бастадыңыз? Мұндай жазбалар жариялауға не жағдай түрткі болды?

- Мотивациялық кеңестер жазуыма әлгі аурумен күресіп жүріп көзім жеткен дүниелер себеп болды. Бəрін біз өзіміз қолдан жасап, өмірді қиындатып алады екенбіз. Дұрыс ойлай білсек, ешкімнің ала жібін аттамасақ, көңіл-күйімізге бақылау жасай алсақ, дұрыс тамақтанып, дұрыс өмір сүруге үйренсек, түк қиындығы жоқ екен. Кез-келген күрделі деген ситуациядан шығып кетуге болатынын түсіндім. Ел мені ауырып қалыпты дегенде, енді не болады деп абдырап қалды. Тіпті жекеге көңіл сұрап хабарласып жатқандар болды. Мен осы ФБ арқылы күнделікті өтіп жатқан жағдайды жасырмай жазып отырдым. Өзіме арналған жаттығулармен де бөлістім. Нəтиже шығардым.
- Бұл жазбалараңыздың жұртқа көп пайдасы тиіп жатыр екен...

- Жекеге күн сайын ондаған хат келеді. Басына күн түсіп, тығырыққа тіреліп, не істерін білмей тұрған адамдар ақыл-кеңес сұрайды. Шамам жеткенше жылы сөзімді, көңіл-күйін көтеретін сөзімді аямаймын. Солар біраз өткеннен кейін рақметін айтып, менің сөздерімнен күш алып тығырықтан шыққандарын жазып жатады.
- Бірақ сіздің Фейсбукке өлең жариялағаныңызды байқамадым. Әлде жазбай жүрсіз бе?

- Неге жазбаймын, жаздым. Осында үздіксіз жарияланған махаббат лирикасының басын құрап, жақында "Сіз ғана" деген циклдық өлеңдер жинағын шығардым.
- Ал эротикалық өлеңдерді қашан жаза бастадыңыз? Бұған туыстырыңыз, күйеуіңіз, тағы басқалар әбестік деп қараған жоқ па?

- Эротикалық өлеңдерді осы Астанаға келіп жазып, жариялай бастадым. Оған күйеуім, туыстарым, балаларым ештеңе деген жоқ, демейді де. Оны əбестік деп емес, поэзия деп қарайды.
- Жалпы, бұл жанрда өлең жазу үшін «Камасутраны» толық біліп алу керек шығар?

- Жоқ, "Камасутраны" оқыған емеспін. Өмірдің өзі - эротика!
- Осыдан біраз жыл бұрын берген сұхбатыңызда «Мен көп пәтериант қазақтардың бірімін» дедіңіз. Қазіргі материалдық жағдайыңыз жақсы шығар?

- Əлі де сол жағдай. Астанада 10 жыл пəтер жалдап тұрдық. Қазір Қызылордаға туған жерімізге оралдық. Сырдария ауданы Іңкəрдария ауылының тұрғынымыз. Ата-ене қолына келіп, келіндік міндетімізді атқарып жатқан жайымыз бар. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста