Ислам ғылымы мен мәдениетінің даму кезеңдері талданды

Кеше Алматыдағы Ғылым ордасында Қазақстандағы ислам ғылымы мен мәдениетінің ХІІ ғасыры» атты ауқымды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция табысты өтті.
Білімді тарихшы-ғалымдар мен дін­танушылар, саясаткерлер мен мәде­ниет­танушылар қатысқан бұл басқосуды Ра­мазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан Респуб­ликасы Жо­ғары оқу орындары қауымдастығы және Тұран университеті бірлесіп ұйым­дас­тырып отыр.
Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербі­сәлінің айтуынша, конференцияның мақ­саты – Қазақстандағы ислам ғылымы мен мәдениетінің даму кезеңдеріне талдау жасап, өткен тарихымызды түгендеуге ба­рынша үлес қосу. Осы орайда жиынға қатысушы ғалымдар әлемдегі ислам ғылымы мен мәдениетінің бұдан ары қарай даму кезеңдерін анықтау және қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап қайтару тұрғысында пікір талас­тырып, ой жарыстырды.
Бүгінде Тәуелсіздігін тұғырына көтеріп, өз алдына егемен ел болып отырған Қазақ­стан өткен тарихы мен рухани құн­дылықтарын жаңаша көзқараста зерделеу үстінде. Тарихи жадыны жаңғырту  ұлттың интеллектуалды тұрғыдан өсуіне зор ықпал етпек. Бүгінгі күні ислам әлемі­нің ғылым мен мәдениет сынды асыл құн­дылықтары өркен жайған қазақ жерінде әлі де терең талдаулар мен зерт­теулерді қажет ететін дүниелер баршылық. Бұл ретте ұстаздар қауымы мен білікті ғалымдар шоғырына түсер сал­мақ орасан. Осы орайда «Қазақ­станда ислам ғылымы мен мәдениетінің дамуы­ның ХII ғасыры» атты мағынасы терең, ауқымды Халық­аралық ғылыми-тәжіри­белік конферен­ция жұмысы қазақ қоға­мына ғана емес, ислам әлемі үшін де маңызды саналатыны сөзсіз.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Мысыр ел­дерінің көрнекті ғалымдары қатысты. Жиын­ның ашылу сәтінен кейін жарыс­сөздер болып, конференцияның екінші жартысы секциялық мәжілістерде жалға­сын тапты. Онда «Қазақстандағы ислам мәдениетінің дамуындағы негізгі кезең­дері. Қазақстан және мұсылман әлемі: дәстүрлі байланыстарды қалпына кел­тіру», «Қазақстан және Орталық Азия­ның тарихы мен мәдениеті бойынша агио­графиялық жазба дереккөздер. Қазақ­стандағы араб­ографиялық жазу мә­дениеті. Кітабилықтың жайылуы мен дамуының негізгі кезеңдері», «Ислам ғылымының Батыс өркениетіне тигізетін ықпалы: мұсылман әлемі және Батыс тұжырым­дамасына орай» деген тақы­рыптар бойынша талқылаулар жүр­гізілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста