«Исатай мен Махамбет Оралда тұрар көк тіреп...»

Келесі 2013 жылдың ал­ғаш­қы жартысында облыс басшыларының қолдауымен Орал қаласында Исатай мен Махамбет батырларға ескерткіш орнатылмақ. Бұл жөнінде газет тілшісіне «Исатай-Махамбет» қорының төрағасы Темірхан Елеубаев хабарлады.


Осыдан он жыл бұрын ақын әрі батыр Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өткен бола­тын. Сол жолы мерекелік шаралардың дені көршілес Атырау қаласында өтті. Қос батырдың құрметіне атшаптырым алаң ашылып, айбатты ескерткіш қойылды.
Жақында жергілікті «Қазақстан-Орал» телеарнасы арқылы «Махамбеттің күйле­рі» атты сериялы хабар көрсетілді. Осы кез­ге дейін Махамбет Өтемісұлының ақын­дығы мен батырлығы көбірек айтылса да, күйшілік қырына көңіл бөліне бермейтін. Қоғамдық қордың мұрындық болуымен ұйымдастырылған телехабар осы ақтаң­дақ­тың орнын толтырғандай болды. Тележурналист Мұнайдар Балмолда жүр­гізген хабарға қатысқан домбырашылар Досым Мақсотов пен Ақылбек Бектасов Махамбеттің 13 күйін шығу тарихын баян­дай отырып орындаған. Исатай-Махамбет қорының қолға алғалы отырған тағы бір бастамасы – жақын күндері Махамбет ба­тыр туып-өскен Жаңақала ауданының екі-үш елді мекеніне сапар шегіп, арнайы концерт ұйымдастыру. Халыққа тегін ұсынылатын концерт бағдарламасында Махамбеттің жыр-толғаулары мен күйлері орындалмақ.
Бір қызығы, Кеңес Одағы кезінде Махамбеттің жыр-термелерін ел алдында айтуға, кең насихаттауға тыйым салынған көрінеді. Кеңестік идеологияның сарап­шылары «Махамбет термелері мен күйлері – халықтың рухын көтереді, наразылық көңіл күй қалыптастырады» деген қоры­тынды шығарған. Күні бүгінге дейін Ма­хам­беттің «Мен едім», «Бозторғай» секілді бірен-саран термесі үзіліп-жұлынып қана сахнада орындалып жүр. Қор бұл олқы­лық­тың да орнын толтырып, «Махамбеттің термелері» атты телехабар ұйымдастыру ниетіне кіріскен. Шынын айтқанда, халық батырлары Исатай Тайманұлы мен Махам­бет Өтемісұлын еске алуға қатысты шара­лар­дың жандануы Оралда осы аттас қо­ғам­дық қордың құрылуымен тығыз бай­ланысты. Қор 2011 жылдың 25 жел­тоқ­саны күні ресми тіркеуден өткен. Былтырғы күзде волейболдан ардагерлер арасында турнир ұйымдастырылды. Биыл­дың өзінде Махамбет күйлерін орындаушы жас күйшілер арасында аймақтық байқау және Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына арналған жыр мүшәйрасы өткізілді.
Темірхан ЕЛЕУБАЕВ, «Исатай-Махамбет» қорының төрағасы:
–  Бұйырса, келер жылғы шаралар­дың орталығы Орал қаласы болар деп отырмыз. Біз жоспарлы түрде жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті күйшілерді Астанаға алып барып, Ма­хам­бет күйлерін сапалы студияда жаз­ғызбақшымыз. «Хабар» секілді белгілі телеарналардың бірімен келісіп, Махамбеттің 210 жылдығына арналған арнайы бағдарлама етіп ұйым­дастыр­ғымыз келеді. Біздің ең басты мақса­тымыз – Астана мен Орал қаласында батырларға ескерткіш орнату. Облыс басшылығы жобаны қолдап, қуаттап отыр. Соған қуаныштымыз. Ескерткіш табынатын тас мүсін емес, бұл – елдік­тің мәселесі. Менің ойымша, мәдениет – тарихтан бастау алады. Оралдың төріне орнатылмақ алып ескерткішке кішкентай болса да үлес қосу әр қазақ­қа абырой болар, ұрпағы мақтаныш етер іс деп есептеймін, болашақ ескерт­кіштің архитектуралық жобасы дайын. Жоба авторы – қазақтың белгілі скульп­то­ры, Астанадағы «Қазақ елі» монумен­ті авторларының бірі, Қарағандыдағы Абай ескерткішінің авторы Болат Дос­жанов. Бұған дейін мүсінші Орал қала­сына арнайы келіп, көше-көше­лер­ді аралап, қос батырдың атқа мінген аруақ­ты бейнесін орналастыруға ла­йық мүйістерді зерттепті. Скульптор ұнатқан бірнеше орын жақында облыс пен қала басшыларына ұсынылмақ. Жобаның жалпы құны – 70 млн теңге

P.S.
Біз Темірхан Дүйсенұлының келісімімен Оралда орнатылмақ Исатай-Махамбет ескерткішінің жобасын тұңғыш рет оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста