Индира Расылхан әкесі анасын не үшін тастап кеткенін айтты (фото)

Көпшілікке өзінің әдемі әндерімен танымал болған Индира Расылханды бүгінде ел әнші ғана емес, сонымен бірге көп балалы ана ретінде таниды. Ол өз өмірінің экраннан тыс бөлігін көп көрсете беруді ұната бермейді.

Дегенмен әншінің әкесіне айтары барын естіп хабарласқан NUR.KZ порталы арқылы ол өздерін тастап кеткен әкесіне деген ренішін жеткізді.

- Индира ханым, өнер адамынан бөлек сіз, ең алдымен, көп балалы анасыз. Осы орайда, өнер мен отбасын бірдей алып жүру сізге қаншалықты қиын? Жолдасыңыз сіздің өнерде жүргеніңізге қалай қарайды?

- Мен үшін ең бірінші орында отбасы тұрады. Осы уақытқа дейін жолдасым менің өнерімді сүйгеннен, өзімді сыйлағаннан өнеріме қарсы болған емес. Біздің арамызда ешқашан «неге кеш келдің» немесе «бір жерде ұзақ жүрдің ғой» деген сияқты кикілжің әңгімелер болған емес. Бұл енді қызғаныштың жоқтығынан емес, жолдасым барлық жағдайға түсіністікпен қарауынан деп ойлаймын.

- Көпшілік сіздің Айнұр Тұрсынбаева, Гүлнұр Оразымбетовалармен жақын құрбы екеніңізді біледі. Әлеуметтік желілерден сіздердің жиі кездесіп тұратыныңызды көріп жүрміз. Жалпы, мұндай жиі кездесулерге жолдасыңыз қалай қарайды?

- Жолдасым құрбыларыммен араласуға ешқашан қарсы болған емес. Иә, құрбыларымды жақсы көремін, өте қатты сыйлаймын. Өнер өз алдына бөлек жол болса, ал адамгершілік тұрғыда, сыйлайтын, сырлас достарымның арасында Алтынай Жорабаева да бар. Айнұрмен де, Гүлнұрмен де жақсы араласамын. Аптасына бір рет кездеспесек те, екі аптада бір рет кездесіп, шай ішіп, пікір таластырып, сырласып жататын кездеріміз болады.

- Осы орайда, араларыңызда балаларыңызға «құда түсу» сияқты дәстүр бар шығар... Сіздің қыздарыңызға құда түскендер бар ма?

- Құрбыларымның арасында, әзірге, үлкен қыздарыма құда түскендер жоқ. Себебі, менің қыздарым ұлдарынан жасы тұрғысынан үлкен болу керек. Ол туралы әңгіме қозғамаппыз. Кішкентайларға «құда, құдағи» деп ойнап жататынымыз бар. Ал, үлкендерге қатысты мұндай ой болмапты.

- Тойға жиі шығып тұрасыз ба? Жалпы, тойда бір ән орындағаныңыз үшін қанша ақша аласыз?

- Әншілер осы сұраққа үйреніп қалған сияқты. Жалпы, бізде тойды жеңіл қабылдайды. Той десе, тек қана ақша табу мәселесімен ғана байланыстырады. Негізі олай болмау керек деп ойлаймын. Барлық елде той бар, барлығы әншілерді шақырғысы келеді. Сол себепті, бізді тойды көтеріп берсе екен, осы әнші біздің тойда болса екен деген ниетпен шақырады. Ал, тойға шығу дегеніміз концертке шықпаймын немесе тоймен ғана жүремін деген нәрсе емес. Қанша ән орындайтыныма келер болсам, кейде үш әннен екі рет сахнаға шығатын кезіміз болады немесе төрт, сегіз, он ән орындап жатамыз.

- Бүгінде фонограммамен ән айтатындарды көп сынап жатыр. Оған қалай қарайсыз? Жалпы сынды қалай қабылдайсыз?

- Сынды жақсы қабылдаймын деп айта аламын. Бірақ, мынадай нәрсе бар. Бізді сынап-мінеп жатқанда, расында да, «бұлар неге мен туралы ондай пікірде» деп көңілім құлазып қалатынын да жасырмаймын.

Ондайда ойымызға бірден жақсы нәрселерді еске алып, «Е, Алла мен жайлы дұрыс емес пікірде болған халықты кешіре гөр» деп кешіріммен қарауға тырысамын. Фонограммамен ән айту мәселесіне келсек, өздеріңіз білесіздер, ол қазір тоқтатылып жатыр. Әрине, барлығы бірден бола қоймайтын дүние. Бәріне уақыт керек сияқты.

- Бүгінде елімізде ажырасу көрсеткіші жыл санап артып келеді. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Жалпы отбасын сақтап қалу үшін, не істеген жөн?

- Отбасын сақтап қалу мәселесі ең біріншіден әйел мен ер-азаматтың бір-біріне деген сенімінде, сыйластығына байланысты деп ойлаймын. «Екі жарты - бір бүтін» деп қазақта бекер айтпайды ғой.

Екеуі бір бүтін болғандықтан, менің жартым деп қарағанда ғана отбасын берік сақтай алады деп санаймын. Қыз-келіншектерге айтар ақылым - ер адам қай кезде болса да ашу шақырып, айқайлаған әйелді ұнатпайды. Мәселені байыппен, ақылмен шешіп, әрқашан сабырмен қараған әйелді жақсы көріп, алақанына салады.

Ер адамдарда да әйелдерді шошытатын мынадай мәселе бар. «Сен кететін болсаң, ертең басқасын тауып аламын» деп жатады және ажырасқан әйел баланы өзімен бірге әкетіп, оны асырау керек. Яғни, ер адамға баланы тастауға болады да, ал әйел адамға тастауға болмайды екен.

Неге, сол мәселені еркектерге басып айтпасқа? Балаларын тастап, қарамай кеткен, мүлде танымайтын қаншама еркектер бар. Сол жағынан ерлердің қаталдығы басымырақ. Әйел адам қашан да мейірімді болады. Ажырасып жатса да, балаларын өзімен бірге әкетеді. Жалпы өзімнің өмірде ұстанатын ұстанымым бар, менің балаларым әкесі жұмыстан келген кезде, әкем келді деп, мойнына асылып, бетінен сүйіп жатқанының өзі мен үшін үлкен бақыт. Мен балаларымның бақытын ешқашан ештеңеге айырбастағым келеді.

- Қос қызыңыздың өнер саласына бет бұрғанын байқадық. Оған қарсы емессіз бе?

- Шынымды айтсам, осы уақыта дейін қыздарымды өнерге тарту жағынан ешқашан көмектесіп көрмеппін. Себебі, расында да қыздарға өнер жолы ауыр болады деген ой болды және басқа бір мамандық таңдасын деген ниетпен өнерге жетелеген жоқпын. Қазір, байқасам, Даринаның әнші болуға, ал Айдинаның актерлік шеберлікке ынтасы бар сияқты.

Осы ретте айта кетейін, «Индира Расылхан» өнер мектебі балаларды актерлік шеберлікке тәрбиелей отырып, екі фильм түсірген болатын. Қыста жаңа жылдық хикая туралы болса, наурызда «Наурызға асық» деген фильмді түсіріп, «Балапан» арнасында көрсеткен едік.

Айта кетерлігі, фильм «Балапан» арнасының ұсынысымен түсірілген еді. Қыздарым қазір 10-сыныпты аяқтап, 11-ге көшті. Осы саланы таңдайтын, тайдамайтыны соңғы бір жылда, 11-сыныпты бітірген соң нақты белгілі болады.

- Әлеуметтік желідегі бір постыңызда әкеңіз туралы жазыпсыз... Десе де, бұл жазбадан әкеңізге деген өкпе-реніштің бар екенін де байқадық. Бұл реніш неге байланысты?

- Бұл тақырып маған ауыр тиіп отыр. Әкем мен анамның ажырасып кеткеніне 20 жылдан асты. Бәлкім, ер адам болғаннан кейін, әкем отбасында өзінің ізін жалғастырушы ұлының, артында ізбасарының болғанын қалағаннан болар. Не болса да бәрі Алланың қалауымен ғой. Кейінгі кеткен әйелі де сәби сыйламаған, яғни менің інім жоқ деп айтуға болады. Осы орайда, әкемнің бар екендігін есіме салып, «біздің дүниеге келуімізге себепкер болған, бала кезімізде бағып-қағып өсірген» деп санамызға сіңіріп келген анама алғысым шексіз. Негізі, осы уақытқа дейін әкемізден қол үзген емеспіз.

Бірақ кейде әкемнің бізге суық қарап, ренжіткен кездерінде қатты қынжылатыным бар. Осы жиырма жылда, әкем үйімізге келіп, жағдайымызды біліп, немерелерін иіскеп кеткен күндері болған емес. Сол тұрғыда әрине ренішім бар.

Кейінгі алған әйелінің артынан еріп келген екі ұлының балаларын бауырына басып жататынын той-домалақтарда көріп жатамын. Сондай уақытта менің балаларым олардың қайсысынан кем деп ойлап қаламын. Айтайын дегенім, осы уақытқа дейін, анамның тиым салғанынан, туыстарыма деген құрметім жоғары болғандықтан бұл мәселені мен еш жерде айтпаған едім. Енді, бұл сұхбатты менің әкем, туыстарым оқыса да, мен бұл арқылы әкеме деген балалық махаббатымның сөнбедегендігін, әлі де болса ол кісінің маған керек екендігін білдіргім келді.

- Жалпы, мен өзіме берген уәдемде тұрдым деп айта аламын. Ол кісі «менің атымды шығаратын балам жоқ, атым өшіп қалады» деп уайымдаған соң, менде менің атым аталмаса да, әкемнің аты аталса екен деген мақсат болатын. Сол мақсатқа Аллаға шүкір жеттім. Қазір Индираны таныған халық, Расылханды да біледі. Әкемнің атын шығару үшін, мен Индира Расылхан болдым. Бұған әкем риза шығар деп ойлаймын.

- Оқырмандармен шығармашылығыңыздағы жаңалықтармен бөлісе кетсеңіз.

- Осыдан бір-екі ай бұрын, Айдос Омаров екеуіміздің орындауымызда Бақытжан Қасымовтың сөзіне жазылған «Бір ғана тілек» атты менің әнімді жарыққа шығардық. Сол сияқты, «Шабыт» академиясындағы студенттеріммен және «Индира Расылхан» өнер мектебінде сабақ алып жүрген балалармен бірге «Біз біргеміз» әнін жаздық. «Ана», «Әке» туралы әндерді ұсынбақпын. Сондай-ақ, «Тоқта жаным» деген махаббат жайлы ән жарыққа шықты.

- Әңгімеңізге рахмет!
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста