Диджей Иманбек Dancing On Dangerous атты жаңа трегін шығарады. Грэмми сыйлығын жеңіп алған қазақстандық өзінің жаңа синглін жариялады.
Ән 9 сәуірде шығады. Әннің орындаушылары - София Рейес пен Шон Пол. Иманбектің жанкүйерлері жазбаға түсініктеме беріп, алдағы шығарылымды асыға күтетіндіктерін атап өтті.
Күні кеше бір сұхбатында Иманбек қазақстандық әнші The Limba-мен бірлескен трек дайындап жатқанын айтты.
Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі "Грэмми" алды.
Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Бұл тарихи оқиғаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зор қуанышпен қабылдады.
Айта кетейік, Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған.