Ясауи мұрасына ден қойылды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы ұжымының ұйымдастыруымен жақында «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелуі» тақырыбында дәстүрлі IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны университет прези­денті, профессор Л.Тәшімов құттықтау сөз­бен ашты. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ди­рек­торы М.Садықбеков «Мәдени ескерт­кіштер – ел қазынасы» тақырыбында баян­дама жасады.
Пленарлық мәжілісте Абай атындағы ҚазҰПУ Абайтану ғылыми-зерттеу инсти­ту­тының директоры, профессор, Мекем­тас Мырзахметұлы, АҚШ-тың Индиана университетінің профессоры Девин Ди Уис «Ахмет Ясауиге қатысты ең алғашқы де­реккөздері», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры А.Салқынбай «Шаһкә­рім «сыр» сөздерінің сыры», ХҚТУ профес­соры Мұхтар Қожа «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайы және оны күтіп сақтаудың мәселелері», профессор Д.Кен­жетай «Түркі-ислам философиясын­дағы тауил методының орны» тақырыбын­да баяндамаларын оқыды.
Конференция екі күнге созылды. 70-тен астам баяндама оқылып, тыңдалды. Өте тартысты, мән-маңызы аса зор тақы­рып­тар талқыланды. М.Қо­жа, Б.Қорғанбек, З.Жандарбек, М.Өмір­бековалардың баяндамалары тартым­ды болды. Конфе­ренцияға Ясауи ілімі мен мұра­сын зерт­теуші ғалымдармен қатар, еліміздің түк­пір-түкпірінен келген мұра­жайтанушы мамандар мен зерттеуші­лер де қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Екі күнге созылған ғылыми басқосу Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Хан көтеру» ре­кон­с­труциялық тарихи қойылымының көр­сетілімімен тамамдалды.
Мәулен Садықбеков, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының директоры:
– Бұл конференцияны біз 2007 жылдан бастап өткізіп келеміз. Ясауи мұ­ра­сы мен ілімі – тек ғалымдардың ен­ші­сіндегі дүние емес. Ол – бәрімізге де ортақ. Ясауи бабамыздың мұрасы мен ілімін кейінгі ұрпаққа жеткізу, жәдігер­лікті сақтау – баршамызға да парыз. Бұл ретте біздің мұражайдың атқарып отырған жұмыстары баршы­лық. Ғылы­ми конференцияның мақ­саты – Ясауи мұрасы мен ілімін зерт­теу­ді жетілдіру, дамытуға байланысты келелі әңгіме­лерді ортаға салу.

Досай Кенжетай, ХҚТУ Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор:
– Ұлт болып ұйысу үшін екі ұстын керек. Бірі – тіл, екіншісі – дін. Тілдің халі белгілі, дәстүрлі дінімізді сақтап қалуы­мыз да бүгінгі күннің аса өзекті мәсе­лелерінің бірі болып тұр. Сол се­беп­ті Ясауиді тану және таныту – қас­терлі міндет. Ол ұдайы жүріп оты­руы тиіс деп есептеймін. Осы мақсатта біз бұл ғылыми жиынды екі жылда бір өт­кізіп келеміз. Жылдан-жылға конфе­рен­цияның зерттеу ауқымы жүйеленіп, сан жағынан да, сапа жағынан артып келеді. Америкалық ғалымның Ясауиге қатысты дереккөздерді ХІІІ ғасырға тән деп табуы жаңалық болды.

Мекемтас Мырзахметұлы, профессор:
– Ясауитану ғылымының жылдан-жылға іргеленіп, өсіп келе жатқаны мені сүйіндірді. Осыдан 21 жыл бұрын осы университет ашылғанда біз «Ясауи­тану» атты арнайы курс оқуды алғаш қолға алып, студенттерге там-тұмдап Ясауи тұлғасын таныттық. Кейін Ясауи ілімі мен мұрасын зерттейтін ғы­лыми зертхана аштық. Кейін орта­лық аштық, одан Түркология институты құ­рыл­ды. Міне, осы институт осы жиын­ды, бұл ғана емес, әлем түрколог­терінің басын қосатын Түркология конгресін ұйымдастырып отырады. Қаншама зерттеу еңбектер жарық көру­де. Ясауитану оқулығы жазылды. Мәселе бас қосып, ас ішіп, аяқ босату­да емес, мақсатымыз – осындай ең­бек­терді артымызда қалдыру. Жалпы, Ясауи бабамыздың атын иемденген уни­верситеттің ұжымына да, мұражай ұжымына да алғыстан басқа айтары­мыз жоқ.

Ә.ТӘШІМОВА, Түркістан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста