Отандық эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында ұшақта көрген мүгедек жігіт жайлы еске алып, екі қолы жоқ азаматтың қасындағы досына разы болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің атап өтуінше, олардың жасы 21-22-де болуы мүмкін.
"Жаңа ғана ұшақтан түстім...Жанымда қазақтың екі азаматы отырды...Жас шамасы 21-22-лерде...Алғашында байқамадым.. Жүрегім езілді...Туа пайда болды ма екен, әлде...Бір жігіттің екі қолы жоқ. Екіншісінің аяқ-қолы сау...бірақ, өте қиналып сөйлейді...
Ұшақтың тамағы келді.. Жанымда отырған жігіт досына тамағын беріп алды әуелі, сосын өзі жеді... Жаным-ай, жүрегіңнен сол мейірімге толған. Мен не істерімді білмей, алдындағы сулы салфетканы ашып, аузын сүртіп жіберші дедім... Маған қарап күліп, раxмет деді... Қазақша сайрап отыр..
Сөмкемді ашып, дұғамды оқи бастадым... Көзім жасқа толды... Соңғы күндердегі шаршағаным ба...әлде жүйкем сыр берді ме.. Жо-жоқ... Екі азаматтың қазіргі уақыттағы көбімізге жетіспейтін ерекше "бауырмалдығы" көз алдымда болған көрініс жүрегіме қатты әсер етті, қатты...
Аяқ-қолымыз бүтін, денсаулығымыз шүкір, не жетпейді бізге.... Кеше Жетісу өңірінде берген концертімнің бірнеше пайызын бірнеше ем қажет еткен балаларға үлестіріп, ұшаққа отырғаным сол еді... мына көрініс.. Алла тағалам жүректерге иман бере көр. Мейірімнен айыра көрме адам баласын. Шүкір", - деп жазды ол.
Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары әншіге ұзақ ғұмыр тіледі.