"Голос.Дети": Микелла Абрамованың финалда өнер көрсетуі желіден жойылды

"Голос. Дети": Алсудың қызының жеңісіне қатысты басталған ауқымды тексерістерден кейін, бірінші арна басшылығы Микелла Абрамованың финалда ән салған сәтін YouTube желісіндегі ресми арнасынан өшіріп тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші арна басшылығы бұл әрекетін түсіндіріп, ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Видеоның он жасар Микелла Абрамованың жеңісіне қатысты орын алған дауға байланысты өшірілгені айдай анық.

Алсудың қызының ақтық сындағы өнер көрсетуінің астына желі қолданушылар керағар пікірлерді қарша жаудырған. Көпшілік дауыс беру жүйесін тексеріп, болмаса бағдарламаны мүлде жауып тастауға кеңес берген. Оған қоса, ашуға булыққан халық танымал әнші мен оның қызының жеке парақшаларына да кері пікірлерін қалдыруда.

"Ұят! Нәтижені өз пайдаларыңа ауыстырып алғансыңдар! Басқа балаларға жаным ашиды", Сіз кешірерсіз, әрине. Бірақ қызыңыз ешкімнен түк айырмашылығы жоқ. Басқалар өткенде ғой! Мәселе ақшада екені айқын"
"Балақайдың өлең айта алатынымен толықтай келісемін. Бірақ, Алсудың қызы айтарлықтай үлкен зор дауысқа ие деп айта алмаймын" , "Жеңімпаз - Ержан. Сіздің қызңыз емес енді анығы" , "Алсу өзін, отбасын және қызының да масқарасын шығарды" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетерлігі, Youtube арнасында Микелланың финалға дейінгі өнер көрсетуін тамашалауға болады. Алайда, ол видеолардың асты толған керағар пікірлер.

Еске сала кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейн сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста