Әсіресе, өнер саласындағыларға оңай тимеген қазіргідей қаржылық дағдарыс кезеңінде қиындықтан шығудың жолын тауып, елге қызмет көрсетіп жүрген өнер ұжымдары көп емес. Солардың бірі Қазақстан Республикасының Халық артисі, белгілі хореограф Болат Аюхановтың жетекшілігіндегі балет труппасы еліміздің Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында гастрольдік сапармен болып, өнер көрсетіп қайтты.
Осынау өнер сапарында Аюханов тәрбиелеген талантты бишілер қызылжар өңірінің жұртшылығына әйгілі «Қыз Жібек» ұлттық эпосы желісі бойынша жасалған «Гәкку» балетін ұсынды. Тамыры тереңде жатқан халық фольклорына жаңаша көзқараспен қарап, тың режиссуралық шешімдерді қолдана отырып сахналанған лирикалық-драмалық қойылым балетмейстер Болат Аюхановты тағы бір белеске көтергендей болды. Сонымен қатар әлемдік классика үлгілерінен П.Чайковскиидің «Аққу көлі», Р.Щедриннің «Кармен», М.Равельдің «Болеро» балеттерінің қойылымдарын да көрермен ерекше ықыласпен қабылдады.
Классикалық балет биінің хас шебері Б.Аюханов: «Кездескен қиындықтарға қарамастан труппаның гастрольдік сапарлары алдағы уақытта да еліміздің өзге өңірлерінде жалғасады», – дейді.
«Гәккулетіп» қайтты
Последние статьи автора