Франция «Жадоға» «көз салды»

Франция «Жадоға» «көз салды»

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен этно құндылықтарымыз қазіргі кезде тек жақын емес, алыс шетелдерді қызықтырып отыр. Тарихы тереңнен бастау алатын әдеби, мәдени бай мұрамыз күллі әлемді таңғал­дырып жатса, әрине қуана­мыз. Ондай мақтауға тұрар­лық һәм жақсы жаңалықтар қазір көп.
«Жадо» сән үйіне қатысты мына бір ақпаратты елеусіз, ескерусіз қалдыра алмайсың. «Жадо» сән үйі Франция елі­нін арнайы шақырту алыпты.
Сән әлемін айрықша бағалайтын фран­цуздардың «Жадоға» «көз салуы» жайдан-жай емес. Біреу білсе, біреу білмес, аталған өнер ордасының үлгілері негізінен ұлттық нақыштағы киімдер. Қыс­қасы, Франция қазақ халқының мә­де­ниетіне тәнті екендік­терін жасыра алмады.
Франция Сән апталығының тұсаукесер рәсімі үстіміздегі жылдың 9  – 13 маусы­мы аралығына жоспарланып отыр. Қо­нақ­тар әсем қала Парижде бас қоспақшы. Бір айта кетерлігі, шара 2017 жылы Фра­н­ция мемлекетінде өтетін Халықарлық көрме бюросы Бас ассамблеясының 151-сессия­сына орай өткізілмек. Оған әлемнің 50 елінің танымал дизайнерлері қатысады деп күтілуде.
«Бұл күтпеген жағдай болды. Әрине, қуаныштымыз. Еліміздің мәдениетін төрт­күл дүниеге паш етуде аянып қалмай­мыз. Мұндай кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін мүмкіндік – сән үйінің ұжымы үшін биік мәртебе. Біз сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз», – дейді «Жадо» сән үйінің бас директоры Жадыра Сахиева.
Шарада ұлттық нақышпен тігілген эксклюзивті 20 үлгі көрсетілмек. Бұл –әйелдер мен ер адамдар киімдерінің барлығы таза маталардан тігілген. Тағы бір білгеніміз, топтамаға барлығы 60 мың АҚШ доллары жұмсалғанға ұқсай­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста