Ғаламторда қысқа киім киіп, көпшіліктің алдында "сексуалды" би билеген әнші қыздардың видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары арулардың мұндай "өнеріне" шүйлігіп, кереғар пікірлерін жаудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қызу талқыға түскен жазбада "D4" тобының қыздары қысқа киім киіп, әуретті жерлерін көрсетіп, жерге жата билеген.
Атышулы видео "Қалаулым" бағдарламасынан алынған үзінді болып шықты. Instagram желісіне тарап кеткен бұл бейнежазба оқырмандардың ашу-ызасын тудырды.
"Не билей алмайды, не ән айта алмайды екен", "Мына қыздар жастарды құртып жатыр ғой. Ұят емес пе?", "Қыздардың ақылы жоқ екен", "Масқара",- деп жазды желі қолданушлары.