Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр.
Жайсыз хабар туралы өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-да жазды.
"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: "жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ" - деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді әншінің ұлы.
Ерлі-зайыпты Хасанғалиевтердің коронавирус жұқтырғаны 10 сәуірде белгілі болған еді.