Есірткі мен секс «Оскар» ала ала ма?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Наурыздың 2-сінде Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығы 86-рет табыс етіледі. 24 санат бойынша номинант фильмдер қаңтардың 16-сында іріктелген болатын. Алматыдағы «Арман» киноорталығында «Оскар» алуы мүмкін картиналар сеансының бір айлық марафоны өтіп жатыр. Жуырда мұнда беделді жүлденің бес номинациясына ұсынылған «Уолл-стрит қасқыры» комедия-мемуары көрсетілді. «Алаш айнасының» тілшісі осы картинаны көріп қайтқан еді.
Мартин Скорсезенің жаңа туындысы мұның алдында «Алтын глобусты» алған еді. Фильмге кезінде Американың қаржы нарығындағы алаяқтығы үшін сотталған құнды қағаздар брокері Джордан Белфорттың биографиялық еңбегі негіз болған. Сценарий авторларының бірі де – Белфорт. Табысты, адам айтқысыз іскер жандардың өзгелерге түсініксіз, бірақ сондай қарапайым құпиялары болады. Киноның басында Белфортқа жол сілтеген миллионер акциялар нарығының азулы брокері болудың құпиясы мастурбация мен кокаинде екенін айтады. Бұл барып тұрған сандырақ болуы мүмкін, бірақ Скорсезе кейіпкерлерін небір күрделі, небір ыңғайсыз образда көрсетудің қас шебері ретінде оны өз мақсатына жақсы пайдаланады. Басты кейіпкер жол сілтеушісінің кеңесі бойынша жынысқұмарлықты да, есірткіге әуестікті де өмір салтына айналдырып алады. Бұл екеуі, шынымен де, қор биржасының қасқыры болуға көмегін тигізеді, есірткі мен секс ақшаға құштарлықты, ақша өмірге құштарлықты арттыра түседі. Баюды аңсайтын адамның нәпсінің жетегінде ғана жүретінін көрсеткен Скорсезе анайы көріністерден, сөлекет әзілдерден мүлдем тартынбайды. Дегенмен Уолл-стрит қасқыры әсте санасыз емес, ол мұқтаж адамдарды қолдайды, ең бастысы, ақшаның заңсыз келіп жатқанына ара-тұра бас қатырып қояды. Картинадан терең тәлім, мораль немесе тағы басқа құнды қисын іздеудің қажеті жоқ. Мұнда көрермен үшін кейіпкердің сипаттауға сөз жетпейтін қасиеттеріне, мінез-құлқына, асып-тасып жататын эмоциясына назараудару жеткілікті. Өмірде бар кейіпкерінің тылсым қабілеттерін, күрделі мінезін, шамадан тыс жынысқұмарлығын, басқа да ессіз әуестіктерін көрсете білу үшін актер Леонардо Ди Каприоға кәсібилік жағынан қайта түлеуге тура келген. Өзіне жан аямай жоғары талап қоя білетін ол шығармашылық мақсатына жетті. Сарапшылар Ди Каприоға да, режиссер Скорсезеге де жоғары баға беріп отыр. Тіпті, «бұл кино 71 жастағы Скорсезенің ең биік деңгейдегі туындысы» деген пікірлер де айтылып жатыр. Ал «Оскар» ала ма, жоқ па, оны наурыздың 2-сі күні білетін боламыз. Айта кетейік, Ди Каприоның өзі ролі жөнінде былай дейді: «Ақша есірткі сияқты, адамдар ішімдік пен есірткіге қалай әуес болса, ақшаға да солай есі кетеді. Мен талай бай адамның өмір салтынан білемін,дәулет адамды рухани негізінен айырады. Ашкөздік –адамға тән қасиет, дегенмен ол адамдықтан асып кететін болса, өмірдің мағынасын кетіреді».
«Уолл-стрит қасқыры» Қазақстанның кинотеатрларында ақпанның 6-сынан бері көрсетіліп жатыр. Ал «Оскар» сыйлығынан үміткер кинолардың марафоны аясында бұған дейін «Льюин Дэвистің ішінде», «Тамыз» картиналары көрсетілсе, ақпанның 28-іне дейін «Аман қалған», «Жел күшейіп барады», «Далластағы сатып алушылар клубы», «Америкалық алаяқтық», «Әйел» атты фильмдер көрермен назарына ұсынылады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста