"Еш өкінбеймін": Нұрғали Нүсіпжановтың сұқбаты

Халық әртісі саналы ғұмырын дүние жинауға емес, халқына қызмет істеуге арнап келеді. Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың кезінде 1 миллион доллардан бас тартқанын біреу білсе, біреу білмес. Әнші бұған еш өкінген емес. Бұл туралы осыдан екі жыл бұрын "Астана" арнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтылған болатын.

Нұрғали Нүсіпжанов саналы ғұмырын дүние жинауға емес, халқына қызмет істеуге арнап келеді. 70-жылдары бір миллион доллардан бас тартуы соған дәлел болса керек.

"Ол Швецияда болған оқиға. Оған еш өкінбеймін. Бір күні "Азаттық" радиосының адамдары келді. Ескендір (Хасанғалиев – Sputnik) екеумізді дәмханаға шақырды. Делегацияны опера театрының директоры бастап барған. Жігіттермен шай ішейік деп сол кісіден рұқсат сұрадық. Тәртіп қой. Оның үстіне қасымызда Мәскеуден қосып жіберген "администраторлар" бар. Қорыққанымыз емес, олардың жұмысын сыйладық. Ешкім ерігіп жүрген жоқ қой", - деп әңгімесін бастады халық әртісі.

"Содан барып отырдық. Ішінде біреуі "біз еркін жүреміз, бостандықтың бәрі бізде" деп мақтана бастады. "Қараңдаршы, ана Мерседес пәленшенікі, анау түгеншенікі" деп жатыр. Сыр білдірмей, ішімнен қайбір оңғаннан Мерседес мініп жүрсіңдер деп отырмын", - деп жалғады Нүсіпжанов.

Сол жерде "Азаттық" радиосының өкілдері әншілерге "құда түсіп", келісімшарт жасап, дүниежүзін аралатқылары келетінін жеткізеді.

"Күнделікті шығындарыңыз біздің мойнымызда, оның сыртында әрқайсыңызға бір миллион доллардан береміз, қалай қарайсыздар деп қолқалады. Мен рахмет, біз сол кедей қазағымыздың арасында жүре берейік, солардың үміті ақталмай қалмасын, көңіліне кірбің түспесін деп едім, үндей алмай қалды. Әңгіме сонымен бітті", - деп түсіндірді ол.

Миллионнан бас тартқаны өз алдына, Дінмұхамед Қонаевпен бірнеше рет кездессе де, баспана сұрамапты.

"Әңгіменің реті келгенде "көкелерден" алу керек еді ғой деп жеңгең айтып қалады. Сәті келіп тұрса да, тіленшілік жасағандай болмайын дейтінмін. Жаспыз, балалар өсіңкіресін дедік. Менде біреуден асып түссем екен, бірдеңем жарқырап көрініп тұрса екен деген ой болмайды. Өзімнің шаруамды ұмытып кетіп жатамын. Димаш ағам: "Шиеттей балаларың бар, күндіз-түні шапқылап жұмыс істейсің, жағдайыңды айтпайсың ба... министр болсаң да, басқа болсаң да, бала-шағаңның жағдайы үшін ешқашан ұялмауың керек" деп кішкене ұялтқаны бар. Жастығым ба, ынжықтығым ба...", - дейді Нүсіпжанов.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты бір "кемшілігі" бар екенін жасырмады.

"Саяжай алып, кеңірек үй салып алуым керек еді. Сол кемшілігім болды. Ағаш өсіргенді ұнататын адаммын. Әлі күнге "коммунальныйда" тұрамыз", - деп түйіндеді әнші.

Сұхбаттың толық видеосы төменде.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста