Ержан Әлімбетов, "Ұлытау" тобының мүшесі: Жеке өмірім өнеріме бағынады

www.ulytau.kz фото

- Домбыраға деген іңкәрлік бала кезден оянған болар?
- Өзім Қызылорда өңірінің тумасымын. Кішкентай кезімнен домбыраның «құлағында ойнаймын» десем де болады. Негізі біздің әулетте дәулескер домбырашы болмаған. Рахмет атам жырау болған екен. Өз бетімше талаптанып музыка мектебін, одан кейін училищені бітірдім. Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқып жүргенімде Қыдырәлі ағамнан ұсыныс түсті. 1990 жылдардың аяғында жұмыс табу өте қиын болатын. Кез келген жұмысты істеуге құлшыныс білдіретіндер көп-тін. Ең алдымен іріктеу жүргізді. Таңдау маған түскенде қатты қуанғаным рас. Бүгінгі биігімізге жету үшін аянбай тер төгіп, күн түн демей жұмыс істеуге тура келді. Топта жұмыс істеу өзіме қатты ұнайды. Ең бастысы «тірідей» ойнау ұнайды. Кез келген топта мұндай мүмкіншілік бола бермейді. Өзімді «Ұлытаудан» бөліп қарай алмаймын. Бұл топтан кетем деген жоспарым жоқ. Басты мақсат – қазақтың қара домбырасы мен шежірелі күйін, классикалық музыкасын әлемге таныту. Осы жолда қамау терді аларлықтай аянбай еңбек ету. Бастысы - қазақ үшін, қазақ өнерінің болашағы үшін.
- Әлемнің бірнеше елінде гастрольдік сапарда болдыңыздар. Олардың қазақ музыкасына деген көзқарастары қалай? «Ұлытауды» қалай қабылдайды?
- Өте жақсы қабылдайды. Өйткені олар үшін бұл тың дүние ғой. Музыкалық өңдеуді солардың рок жанрында жасаймыз. Рок деген шетелдіктердің жандарына жақын жанр ғой. Керемет қабылдайды. Домбыраға деген қызығушылықтары өте жоғары.
- «Ұлытаудың» орындауындағы шығармаларды жұрттың бәрі керемет қабылдайды деп айта алмаймыз. Бұл экспортқа бағытталған дүние. Осыған іштей реніш жоқ па?
- Дүние жүзі бойынша ең танымал музыка - рок. Шығармаларымыздың бәрі құр даңғаза музыка емес, онда батыстың сырбаз скрипкасына күмбірлеген домбыраның қоңыр үнін қосып, ерекше жанр жасадық деп айтуға толық негіз бар. Ол - өзгеше өнер, ол - өзгеше өлшем.
- Этнорок бағытындағы топтардың арасында елеусіз қалып кетеміз бе деген қауіп жоқ па?
- Бұл қаншама жылдан бері зерттеліп келген дүние. Беталды шығып жатқан жоқпыз. Өз өзімізге сенімдіміз. Ең алдымен шығармашылық мақсатты айқындап барып қана сахнаға шықтық. Халық жаман қабылдаған жоқ. Жеткен жетістіктерімізді санамалай берудің де қажеті шамалы. Ең бастысы германиялық әлемдегі ең ірі дыбыс жазатын компаниялардың бірі Musik Rekords компаниясымен келісім шартқа отырғанымызды айтсақ қана жеткілікті шығар. Ол жаққа сұранып бара жатқан жоқпыз. Өздері қолқалап шақырып жатыр. Мұны да ең үлкен жетістік деуге болмайтын шығар. Біз бағындырар биіктер әлі алда.
- Домбырамен өз алдыңа эксперимент жасайсың ба?
- «Бір өзенді екі рет кешіп өте алмайсың» дейді ғой. Сол сияқты бір шығарманы ешуақытта да бірдей қылып орындай алмайсың. Дайындықтың өзі импровизация ғой. Өнерді бірінші жүрекпен қабылдайсың, екінші мимен өңдейсің. Оған ауқыт, дайындық керек. Одан кейін ғана сұрыптап шығарасың. Құр техникамен алысқа бара алмайсың. Оған үлкен шеберлік қажет. Концерт барысында әлбетте жеке күй орындаймын. Бұл біздің қазақтың өнеріне деген құрметіміз. Бүгінде елімізде белгілі күйлердің өзі 6 мыңнан асады екен. Ал белгісізі қаншама? Ата бабаларымыз бай мұра қалдырған ғой. Асыл жауһарларымыз елде тұнып тұр. Тек өңдеп халыққа ұсына білу керек. Біраз шығармалар бар. Максим гитарашымыз өз жанынан шығарма жазады. Бұл жерде басты мәселе сапа ғой.
- Өзіңе шертпе күй орындаған ұнай ма, әлде төкпе күй ме?
- Шертпе күй болсын, төкпе күй болсын олардың әрқайсысына бөлек бөлек өңдеу керек. Қайсысы болса да, жаныма жаттығы жоқ. Қазақта нашар күй жоқ қой.
- Бір шығарманы өңдеуге неше уақыт кетеді?
- Әу баста бір нұсқасын дайындайсың. Сосын оны зерттей отырып, нақты нәтижеге жеткенше өзгере береді. Өзінің деңгейіне жеткенше. Оған бір ай ма, бір жыл кете ме белгісіз. Бәрі сәтіне қарай.
- Қыдырәлі Болмановты еліміздегі ең мықты продюссер деп атаушылар басым. Осындай адамның қол астында жұмыс істеу қиын емес пе?
- Нашар адам болса осындай топты осыншама жыл ұстап отыра алмас еді ғой. Бастары сыйыспай тарап кетіп жатқандар қаншама. Жұмысқа келгенде ол кісі қатал. Өмірде өз ағам сияқты. Ондай болмаса да болмайды ғой.
- Жеке өміріңе уақыт қала ма?
- Жеке өмірім жұмысыма бағынады. Үйленгенмін.
- Топтағыларды өнерден басқа не байланыстырады?
- Өмірде де, өнерде де доспыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста