Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев шоу-бизнесті бағындырмақшы

 Ерте қартаю ауруына шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев Қазақстан шоу-бизнесін бағындыруға ниетті. Бұл жөнінде ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Әншілікті енді ғана бастаған жігіттің айтуынша, қазір отандық шоу-бизнеске қадам басу жолындағы алғашқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Болашақта шоу-бизнесте бағымды сынап көргім келеді, қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жазылып жатқан алғашқы әнімді өзім туып-өскен ауылыма арнаймын. Осыған дейін бірнеше рет көмек қолын созған атыраулық нар тұлғалы ағаларым осы жолы да көмек көрсетеді деген ойдамын", - деді Нұржан.

Жігіттің айтуынша, қазір ол продюсермен бірге жұмыс істеп жатыр. Нұржан ана тілінде жазылған әндерді орындауға ниетті екенін де жеткізді. Дегенмен ол алғашқы әнінің авторларын атаудан бас тартты. Сонымен қатар, Өркешбаев өміріндегі маңызды өзгерістерді жазда үлкен жаңалық етіп жариялауға уәде берді.

Айта кетейік, дәрігер Болат Байыров Нұржан Өркешбаевтың денсаулығы жөнінде айтып берді. "Мен оны қайтадан тексерілуге шақырып көрдім. Дегенмен Нұржан өмірінде көп өзгеріс болғандықтан, келуден бас тартты. Қазіргі жағдайына оның көңілі толады", - деді Байыров.

Дәрігердің айтуынша, Нұржанға операциялардың барлығы тегін жасалған. "Нұржан қазір үйленген, әнші, тамада ретінде шоу-бизнеспен айналысып та жүр. Операция оған екі есе жас көрінуге мүмкіндік берді. Қазір ол шамамен 23-24 жаста, операция жасатқан кезде 21 жаста болатын. Уақыты жоқ екенін айтып, соңына дейін барудан бас тартты. Оған операциялар тегін жасалды, сондықтан да, ақша емес, уақыт жетпегендіктен бас тартып отыр", - деді маман.

Еске салайық, 2011 жылы Нұржанға бірнеше операция жасалды, нәтижесінде ол бірнеше жылға жасарып шыға келді. Кейін Нұржан Атыраудағы "Нұрсая" ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алды. Ал 2015 жылдың жазында ол үйленді. Тойға шамамен 500 адам келді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/erte-kartayu-auruyina-shaldyikkan-nurjan-orkeshbaev-shou-268566/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста