Талай арудың жүрегін жаулаған ерекше дауысты әнші Еркін Нұржанов екінші рет шаңырақ көтерді. Еркіннің осы жолғы таңдауы Динара есімді аруға түскен екен.
Таяуда өткен Еркін мен Динараның тойындағы суреттерді «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдраимов instagram.com әлеуметтік желісіне жариялаған болатын.
Көпшілікке аян, Еркін Нұржанов 2011 жылы алғаш рет отбасын құрған болатын. Алайда Еркін мен оның алғашқы жары болған Аягөз арудың дәм-тұзы жараспай ажырасып кетті. «Жүрегімде қап қойған, жаным, саған кім екен Аягөз деп ат қойған?» деп Еркіннің әнге қосқан Аягөзімен некесі сәтсіз болды.
Бұл жолы Еркін өзінің өмірлік қол ұстасып өтетін жарын тапқан секілді. Ендеше, Еркін мен Динараға шынайы бақыт тілейміз.
Оқырманға айтар тағы бір жағымды жаңалығымыз бар. Тағы бір өнерлі отбасы жақында келін түсірді. Нақтырақ айтсақ, белгілі әнші, сазгер Лұқпан Жолдасов пен Айған апайдың тұңғыштары Болат Жолдасов та шаңырақ көтеріп, құсын қолына қондырды. Бұл жаңалықпен instagram.com әлеуметтік желісінде әнші Алтынай Жорабаева бөлісті.
Болат Жолдасов - жас та болса қазақ өнеріне ерекше үлес қосып жүрген жас талант. Болаттың ата-анасына барша оқырмандардың атынан келіндеріңіз құтты болсын дегіміз келеді. Екі жас бақытты болсын!