Ерке Есмахан жолына тосқауыл болғандар мен уәдесінде тұрмағандар жайлы айтты

Эстрада әншісі Ерке Есмахан 2017 жылды қорытындылап, instagram-парақшасына жазба қалдырды. Ол өткен жылдың өзі үшін табысты болғанын, десе де қиындықтан да аттап өтіп кете алмағанын айтты. Ерке сондай-ақ, жазбасына өзін ренжіткендердің жазаланғанын да қоса кетті.

Ол бір жыл ішінде алған асулары мен жеткен жетістіктерін тізді.

“Өткен жылға өкпем жоқ! Өзімді толық шығармашылыққа арнадым! Тынбай еткен еңбектің жемісі тəтті боларына көз жеткіздім! Халықтың шын ықыласын көп сездім, ел арасындағы көп апа-аталарымның батасын алдым. Əке-шешем мен бауырларым күні-түні тілеуімді тілеп, кез келген уақытта жанымнан табылды. Аман болыңдаршы!», – деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке осы уақытқа дейін жолына тосқауыл болғандарды, уәдесінде тұрмай, жарты жолда тастап кеткендерді сөз қылды.

«Бəрін білуші, бəрін беруші Аллаға сансыз шүкір! Бəрі алда екеніне сенем! Жолыма тосқауыл болғысы келген, жөнсіз қатты сөз айтқан, уəдесін орындамай “лақтырған”, ел алдында мен туралы теріс ой айтқан адамдар да болды. Сол сəттерде тауым шағылғандай, көңілім құлазыды. Бірақ өмірде бумеранг қағидасы барына көп ұзамай көз жеткіздім!

Жеке өмірде болса мұңайған да, махаббаттан бас айналған шақтар өтті…. Мен бəріне тек жақсылық тілеймін! Құрметті достар! Өкініш-реніштің бəрі есіркесін! Жаңа жыл жарылқасын! Бəріңізге денсаулық тілеймін! Айнала əдемілікке толы болсын! Молшылық болсын! Сəби сүйе алмай жүргендер сəби сүйсін! Үй ала алмай жүргендер үйлі болсын! Ауырып жүргендер құлан таза айығып кетсінші! Жалғыз жүргендер жүрек иесін тапсыншы”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының ішінде Еркенің «өмір – бумеранг» деген сөзін Төреғалиға бағытталғанын жазғандар да болды. Өйткені бұған дейін, Төрештің әкесі «Еркені танытқан Төреғали» деп сұхбат беріп, әншінің көңіліне тиген болатын.

Еске салайық, Павлодарда өткен Төреғалидың концерті үлкен дау-дамайға ұласып, көрерменге зекіп сөйлеген әнші халықтың сынына ұшыраған болатын.

 sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста