Ерке Есмахан: "Менің жанымда сүйікті адамым бар"
Ерке Есмахан өнеріндегі және өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Ол жақында Төреәлі Төреғалимен бірге дуэт жазып, бейнеклип түсірді. Бірақ әзір қолына тие қоймапты. Кейбір жұмыстар аяқталған соң, көрерменнен сүйінші сұрауға асық.
Ерке Есмахан әнші: "Ән «Алло» деп аталады. Төреғали екеуміздің диалогымыз секілді. Біздің таныстығымыз баяндалады".
Әншінің жеке өміріне де қатысты алып-қашпа әңгімелер көп. Бірақ Ерке ашық әңгімесімен бәріне нүкте қойды.
"Мен өзіме талап қойғам, жеке өмірім туралы бұдан былай ешкімге айтпаймын деп. Қазір менің жанымда сүйікті адамым бар. Бірақ өнерге қатысы жоқ. Мені де таныған жоқ. Қазір біліп жатыр", -деді Ерке.
Ерке Есмахан әнші: "Асхатпен (Асхат Садырбай, журналист) баламыз үшін байланысып тұрамыз"."Сіздің тойыңыз қашан болады?"-дегенімізде, Ерке: "Мен ең алдымен анамын. Баламның қамын ойлаймын" деп жауап берді. Әлеуметтік желіде оқырмандарымен барынша сырласып тұратын әнші жаман пікір жазатын жандардың өзіне бақыт тілеймін",-деп әңгімесін аяқтады.