Ерке Есмахан жиі сынға ұшырайды. Әсіресе, Instagram желісінің оқырмандары Еркенің әр бөліскен суретінен мін іздеп, сын айтып отырады. Әнші елден жағымсыз пікір естуден шаршаған. Сондықтан қазір ол ешкімнің сөзіне құлақ аспауды үйренген.
MuZZone арнасына берген сұхбатында әнші аузына келгенін жазатын қазақ жігіттерін көргенде қынжылатынын айтты.
«Көңілің қалатын кездер болады. Өйткені өзіміздің қазақтың ер жігіттері, батырларымыз деп жүрген жігітсымақтар ауыздарына келгенін жазады жігіт болса да. Өздеріне тән қасиет емес деп ойлаймын. Қазіргі жігіттерге таңғаламын. Неге ондай біртүрлі пікір жазатындарын түсінбеймін.
Ал былайынша сын көзбен жазады ғой көбісі, оларға мен үйрендім. Өйткені қазірдің өзінде 2 миллион оқырманым бар. Ешкіммен сөз таластырып, біреуге бірнәрсені түсіндіре алмаймын. Өйткені әрқайсысының өзінің ойы, пікірі, түсінігі бар.
Сондықтан мен өз өмірімді сүремін. Ал олар сынай ма, демей ма, оны өздері біледі», – дейді Ерке.