Ерболат Беделхан Ринат Заитовқа қарсы жауап берді (видео)

Отандық телеарналардың біріне айтыскер ақын Ринат Заитов қазіргі шоу-бизнеске көңілі тоймайтынын айтты. Нақтырақ айтсақ, Ерболат Беделханның жаңа тобы Ninety One-ға қатысты. Ол сөз әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі қолдап жатса, енді бірі жоққа шығарып жатты. Осылайша пікірлер екіге айырылды. Осы орайда Орда тобының мүшесі Ерболатқа барып өз ойын білуді жөн санадық.

"Өз ойымша Ринат бауырым, ішін қазып білмей ойын айтқан сияқты. Бұл профессиямызға байланысты. Әр адамның пікір айтуына үйренік", - айтты Ерболат Беделхан, Ninety One тобының продюсері.

Ақын Ринат Заитовтың ойынша Ninety One тобы қазақилықтан жұрдай. Оларға қарағанда ұлтымызға жақын дүниелерді Төреғали Төрәлі қолға алғандай көрінеді. Оған қоса Серікбол Сайлаубек.

Қос өнерпаз да әндерін өзге ұлттардан ұрлаған. Ұрлаған былай тұрсын қазақшаға аударып айта салған. Соңғысы тіпті молдаван әуендеріне ұқсас етіп шығарып келеді.

Осы орайда ақынның сөзімен келіспейтіндер е табылып жатты. Мысалы, Баян Есентаева.

"Бәлкім, бұл топ досым Ринат Заитовқа ұнамаған болар. Ал, маған ұнады. Бірақ, бұдан дау шығарудың қажеті жоқ", - өз ойымен Баян Есентаева бөлісті.

Дегенмен, күні кеше дәл осы дау белең ала бастаған кезде Баян ханым өзінің инстаграмдағы парақшасына Ерболаттың тобын мақтап жазды.

"Кеше мен оларды қолдағым келді, қолдадым да. Бірақ, мені кейбіреулер дұрыс түсінбеген секілді. Есболат түсініксіз пост жариялапты. Мен онда топтарды салыстырғаным жоқ. Керісінше, қарсыласты сыйлау керек деп жаздым,- дейді Баян.
Баян ханымның ашуына тиген «Орда» тобының тағы бір мүшесі Есболаттың мына посты.

Осылайша, дау дауға ұласып кете жаздады. Кейін әншілер өз ара түсіністі. Ал, Ерболат Беделханның ашуына тигені сонша ол өзін ақынға өзін таныстырды:

Ерболат Беделхан: "Орданың баласы дейді. Менің атым Ерболат. Топтың аты 91".

Расыменде қазақ өнері үшін Ninety One тобы өзгешелік алып келді. Кейде бір сарынды әндер мен костюм, шалбаран шаршайтыңыз да анық. Қайткенменде таңдау халықта. Ал, бұл даудың немен аяқталары әзірге белгісіз. Оны жіті назарда ұстайтын боламыз. Сөз соңында Ерболат Ринатқа былай тіл қатты.

"Бауырым, егер маған келсең түсіндірейін", - Ерболат Беделхан қарсы жауап қайтарды.
 gakku.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста