Елу том ел игілігіне жараса дейміз...

Елу том ел игілігіне жараса дейміз...

Тегінде, жазушыға халықтың жасар жалғыз жақсылығы сол – оның мұрасын сақтап, уақыт талабына сай толық шығару болса, М.Әуезовті бағы жанған автор деп айтуға болады. Әрқашан жаңа қырымен қабылданып отыратын жазушының ұлан-ғайыр шығармашылығы кезіндегі өкімет пен партияның сүзгісінде сүзіліп, күзеліп болса да жарық көріп жатты. Ал міне, ел Тәуелсіздік алған тұста тіпті шырқау биікке құлаш ұрып, тұңғыш рет жазушының 50 томдық толық жинағы жарияланды.

Әуезов қалдырған тегеурінді үштік
Уақытқа аз ғана шегініс жасасақ, әуелі Әуезовтің кемеңгерлігі – артына адуынды, жанашыр жас шәкірттер қалдыра алды. Та­лантын сөзсіз мойындатып, үзеңгілес алып­тар тобын қалдырды, сосын әке ру­хын терең түсінген ұрпақ қалдырды – ол Әуезова Ләйла Мұхтарқызы еді. Міне, бұл тегеурінді үштік оны халқының есінен ешқашан шықпауына өлшеусіз ықпал етті. Жазушының шығармалары осылардың басшылығымен 1967-1969 жылдары 12 том, 1973-1975 жылдары орысша бес том, үшінші мәрте 1979-1985 жылдары 20 том болып баспадан шықты. Бұдан өзге әңгіме, роман, мақалалары жекелеген кітап түрінде де көптеп жарық көріп жатты. Кезінде жүйелі жұмыс істеген ғылыми ұжымның арқасында жүзеге асқан осынау үлкен еңбектер – халықтың рухани игі­лігіне, сондай-ақ кейінгі жазушы шығар­маларының елу томдық толық жинағын әзірлеуге мол қор болып қосылды. Әйтсе де, ел егемендігін алған тұста әрі жазу­шының 100 жылдығы қарсаңында қолға алынған, негізгі жобасын Ләйла Мұхтар­қызы жасаған жазушы шығармаларының 50 томдық толық жинағы 2011 жылы табысты аяқталып, мүлде тың, жаңа деректермен қалың көпшілікке ұсыныл­ғанын тағы да айтсақ артық емес. Бұл жерде ұлт Тәуелсіздігінің үлкен мүмкіншілігі – ұлттық үрдістегі ойлардың жүзеге асуына ғажап жағдай жасағандығын атап өту керек. Осы орайда «мүлде тың, жаңа де­рек­термен» деп екі-үш сөзбен айта сал­ғанымызбен, нақты атап жазсақ, әлденеше беттерге кететін тізімге куә болып, бұрын еш жерде жарияланбаған және бір шы­ғармаларының бірнеше нұсқаларының тұңғыш рет ғылыми түсініктемелермен 50 томдыққа енгенін көрер едік. Және әртүрлі жанрдағы материалдардың (қарасөздері, мақалалары, аудармалары, пьесалары, баяндамалары, сөздері, хаттары т.т.) Санкт-Петербургтен, Мәскеуден, Ұлттық мұрағаттан, жазушының жеке мұрағат қорынан алынып, алғаш рет ешбір өзгер­тулерсіз, жөндеулерсіз ғылыми көпшілікке ұсынылғаны жазушы шығармаларының 50 томдық толық жинағының шын мәнінде академиялық дәрежеде шыққандығын айғақтайды.
Ғалымдар жұмыла кіріскен жинақ
Бір адамның шығармашылығын арқау еткен 50 томдық үлкен жинақ дайындау – отандық ғылыми-зерттеу жұмысындағы, кі­тап басу ісіндегі өте ірі және алғашқы қадам болғандықтан, біз мұны оңай­шы­лықпен әзірленді дей алмаймыз. Бұл ұзақ та, жауапты жұмыстардың әңгімесін айтып жатпай-ақ, біткен істі баршаға ұсынған – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, әсіресе «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы қызметкерлерінің қа­жыр­лы еңбегін атап өткен ләзім. Әрбір кітапты құрастырып, ғылыми кеңеске ұсы­нып, баспаға жіберуге дейінгі барлық жұ­мыстарды ыждағатпен атқару – мұражай қызметкерлерінің бәрінің дерлік кәсіби де, адами да аса жауапты борышы болғанын жасыра алмаймыз. Бұл жауапты жұмысқа еліміздің беделді ғалымдары мен жазу­шылары, мемлекет қайраткерлері назар салып отырғанын әр томның алғы бетіндегі редакциялық алқадан мол байқауға болады. Ал томдардың ғылыми түсінік­темелерін жазып, жауапты шығарушылары болған: ғылыми жетекші, марқұм Б.Қ.Май­танов, Т.Жұртбай, Д.А.Қонаев, Т.Әкім (жа­уапты хатшы), А.Қуанышбаев, Р.Қай­шыбаева, Р.Әбдіғұлов, С.Майлыбай, К.Ра­хым­жанов, М.Ахетов сынды білікті ға­лымдар осы жұмысты басынан бастап, мүмкіндігінше аяғына жеткізген адамдар екенін мақтанышпен айта аламыз.
Осы жинақ бізге әрбір қазақтың ақын-жазушысы ел жадынан ешқашан өшпей­тіндігін, оның жақсы дүниелеріне жұрт қашан да оралып отыратынын, ұлт барда ұлттық мұраға сұраныс арта беретінін және қазақтың негізгі рухани азығы мен ұрпағын тәрбиелейтін ұлы құралдар екенін ұқтыруға тиіс.
Баспа редакторларының еңбегі зор
Айдың арғы беті сияқты, кітаптың да соңғы парағы болады. Міне, осынау ақыр­ғы беттегі ардақты да жауапты адамдар туралы айтпай кетуге әсте болмайды. Атап айтсақ, «Жібек жолы» баспасынан шыққан елу томдықтың (13-50 томдары) бас ре­дакторы, байырғы маман, өз ісіне аса жауап­кершілікпен қарайтын, әсіресе Әуезов томдарына үлкен жүрекпен қол ұшын созып, бір сөзбен айтқанда, барлық ыстығы мен суығына төзген Балжан Хаб­дина – біз үшін сыйлы жан. Оның ұзақ жыл­ғы баспа редакторы болған қызметінде та­лай-талай кітаптардың қолынан өтіп, жарыққа шыққанын тізбелемей-ақ қой­ғанда, ұлы жазушының үлкен басылым­дарына қатысқан уақытын өз басы тағдыр сыйы ретінде қабылдап, шын қуанғанын көрдік. Әрбір томның әрбір сөзіне құныға шұқшиып, елеусіз (қатенің бәрі де солай ғой) кетіп бара жатқан әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді, үтірлерді, нүктелерді немесе керісінше, қаламының ұшына іліп ап, өз орын­дарына қойғанда, ол кісінің өз ісіне аса жауапты екенін көрдік. Біз, жалпы, осын­дай баспа редакторлары жөнінде көп нәр­се айтқымыз-ақ келеді, бірақ солардың бәріне жұрт кітаптың ақырғы беті сияқты көп назар аудара бермейтініне нали­мыз...
Түйіндеп келгенде, ел үшін жасалған үлкен жұмыстың барысында қолғабысы тиген, қамқоршы болған, басшылық еткен, тағы басқа адамдар жөнінде көп нәрсе жазуға болатынын ғана айта кеп, бәріміз де 50 томдық ел игілігіне жараса дейміз. Бізде одан басқа тілек жоқ!

Қаперге
М.О. Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағының 1997-2003 жылдар аралығында «Ғылым» баспасынан 1-11 томы (редакторы – Ж.Нұрғожина), ал 2004-2011 жылдары «Жібек жолы» баспа үйінен 12-50 томы жарық көрді. Әрбір том орта есеппен 360 бетті құрайды. 22 шартты баспа табақтан тұрады, таралымы – 2000 данадан.

А.Болсынбаева, Е.Қаныкейұлы филология ғылымының кандидаттары, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми қызметкерлері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста