Елбасының туған күніне курстасы сыйлық жасады

Еліміз егемендігін алғаннан кейін құрылған алғашқы баспалардың бірі – «Арыс» баспасы өзінің 17 жылдық тарихында елге қажет талай туындыларды жарыққа шығарды. Алаш арыстарының кезінде жарық көрмей қалған қолжазбаларын жинақтаумен қатар том-том тарихи кітаптарды, ғылыми-танымдық, тарихи, медициналық, көркем әдебиеттер мен оқулықтарды оқырманға ұсынған «Арыс» қоры кеше Ұлттық кітапхананың мәжіліс залында тағы бір маңызды туындының тұсаукесерін өткізді.

Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің «Елбасы және ел саны» деп аталатын  кітабы елордамыз бен Елбасымыздың туған күндеріне орайластырылып шыға­рылса керек. Өйткені онда шыр етіп дүниеге келген Нұрсұлтаннан Елбасы Назарбаевқа дейінгі кезең түгел қамтылған. Бұл жағынан келгенде, Мақаш Тәтімов жазары бар жан екен. Неге десеңіз, ең басты себеп – ол Елбасымен Украина жерінде студенттік жылдарды бірге өткізген. Сондықтан балаң Нұрсұлтанның сол кезден-ақ көрініп тұрған болашақ елді басқаруға қажет үлкен адамдық болмысын, қайраткерлік келбетін кітапқа арқау етуі – заңды құбылыс.

Ғарифолла ӘНЕС, «Арыс» қорының президенті:
– Бұл кітапты жазу идеясы осыдан үш жыл бұрын Мақаң екеуміздің Ассамблея мүшесі ретінде ылғи бірге жүретін іссапарларымызда дүниеге келді. Үнемі үзеңгілес болған соң, жол бойы түрлі мәселелер талай әңгімеге арқау болатын. Солардың бірінде біз сыр-сұхбат ретінде осындай бір кітап жазсақ деп ақылдастық, бүгін, міне, нәтижесін бірге көріп отырмыз. Кітапта еліміздің демографиясына қатысты көптеген тың деректер, схемалар берілген. Сөйлеп тұрған таблицаларды әрбір үйдің, әр мектеп пен жоғары оқу орны аудиториясының қабырғасына іліп қойса, одан бұрын әрқайсымыздың жүрегімізде жазулы тұрса, дұрыс болар еді. Бұл – біздің жүріп өткен тарихымыз.

Қазақ халқының тарихи жолда бастан кешірген талай трагедиясы: аштықтың, репрессияның зардабы, содан оңала алмай келе жатқан ұлттық рухымыз – барлығы айналып келгенде, халқымыздың санына келіп тіреледі екен. Кітаптың Ғарифолла Әнес пен Мақаш Тәтімовтің арасындағы сыр-сұхбат арқылы өрбитін «Ұлт перзенті – Ұлыс президенті» деген алғашқы тарауынан кейінгі «Ұрпақтар қа­лай ұласқан» атты бөлім халқымыздың демографиялық жағдайы, өсіп-өнуі жө­нін­де сыр шертеді.

Мақаш Тәтімов, кітап авторы:
– Бұл кітап осыдан 51 жыл бұрын Украинада оқыған Қазақстанның жас жігіттері туралы. Ол кезде біз Теміртаудан Украинаға аттанып, Донбасста бір жыл тәжірибеден өткен болатынбыз. Сондағы түрлі ұлт өкілдерінен құралған қазақстандық 72 жігіттің ішінде біздің Елбасымыз да болды. Сонау бір студенттік кезді бірге өткерген замандастар келесі жылы барлығымыз 70 жасқа толамыз. «Осы жетпіс жылда кім қандай жетістікке жетіп, қандай белестерді бағындырды және соған дейін және кейін қазақ қандай қилы кезеңдерден өтті?» деген сұраққа жауапты осы кітаптан табуға болады. Халқымыздың демографиялық жағдайын айтып, болашаққа болжам жасау, меніңше, бұл еңбектің құнын арттырмаса, кемітпейді деп сенемін.
Мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспагерлер, қала кітапханаларының қыз­меткерлері қатысқан бұл жиынға сон­дай-ақ студенттік күндерін Елбасымызбен бірге өткізген құрдастары да келді. Солардың бірі Заман Имандинов кезінде тіпті жігіт Нұрсұлтанмен бір кілемде белдескен де екен:
– Мен өзімді бақытты сезінемін. Өйткені студенттік шақта бірге оқыған 72 жігіттің ішінен бүгінде Республика Президенті, төрт бірдей елімізге белгілі академик, үш ғылым докторы, оның сыртында қаншама еңбек сіңірген метал­лургтер шығып отыр. Ал Мақаш екеуміз – бір ауылда туып-өсіп, бірге оқып, тіпті елден жырақ жүргенде де, жатақхананың бір бөлмесінде тұрған қандыкөйлек достармыз. Мақаш өзінің демограф болатынын біз әлі халық санағы дегенді білмейтін кезде 1958 жылғы Украинада өткен халық санағына қатысуымен білдірген-ді. Нұрсұлтан болса өзінің қатардағы біреу емес, болашағынан зор үміт күттіретін тұлға болатынын балаң кезінен-ақ байқатқан. Біз шалбарды үтіктеуді білмейтін уақытта үнемі қыры сынбайтын шалбар киіп, галстук тағатынына, жүрген жүрісі мен сөйлеген сөздеріне қарап, біз сыртынан «болашақ министр келе жатыр» деуші едік. Мен мына кітапты оқып, сол бір қайта оралмас шақты бастан өткергендей әсер алдым.

Түйін
Осындай қызықты естеліктер айтылған жиын барысында «Арыс» баспасының соңғы жылдары шығарған кітаптарының кеңейтілген көрмесі жұртшылыққа ұсынылды. Сондай-ақ тұсауы кесілген «Елбасы және ел саны» кітабы Ұлттық кітапханамен қатар еліміздегі бірқатар кітапханалар қорына табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста