Ел жанына үңілген...

Жуырда жазушы-публицист Сейітқазы Досымовтың «Күз демі» деген атпен таңдамалы шығармаларының жаңа кітабы жарық көрді. Артында қалған мұрасын жинақтап, баспаға әзірлеген ұрпақтары бұл жинақты қаламгердің 65 жылдығына орай шығарып отыр.
Көлемі 30 баспа табақтан асатын, 500 бетті құрайтын қалың кітапта өмірден ерте кеткен дарынды прозашының бірқатар әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған. Қазақ әдебиеті мен журналистикасында өзіндік айшықты қолтаңбасын қалдырған қаламгердің шығармашылығы кезінде оқырмандар тарапынан жақсы бағаланған. Көзі тірісінде төрт-бес кітабы жарық көрген жазушы, республикалық әдеби байқау­лар­да қатарының алды болып, өз биігін ба­ғын­дырған. Ол прозаға негізінен жур­на­листика арқылы келген. Ол университетте оқып жүрген кездерден-ақ белді басы­лым­дардан көрініп, журналистік қарым-қа­білетін ерте аңғартты. Жас кезінен өз мамандығына ширақтық таныта білген ол «Ле­ниншіл жаста» Сейдахмет Бер­ді­құ­лов­тың, «Қазақ әдебиетінде» Шер-ағаң – Шер­хан Мұртазаның білікті мектебінен өт­кен жан-жақты шебер журналист болып қа­лыптасты. Баспасөз саласындағы қыз­ме­тінің арқасында арнайы іссапар ба­ры­сы­мен ол Қазақстанның көптеген ай­мақ­та­рын аралап, елдегі қарапайым еңбек адам­дарының тынымсыз өмірінен талай тамаша очерктер жазды. Ол кездерде ке­ңес идеологиясының дәуірі жүріп тұрса да, Сейітқазы әр шығармасының астарынан қа­зақтың болмысын іздеді. Елдің ішінде көп болды, ауыл адамдарының жанына үңі­ліп, жастарға жақсы өмір сүруді, адал жү­руді, еңбекпен тер төгуді насихаттады. Қа­заққа белгілі қаламгер ағаларынан ал­ған тәлім-тәрбиесі мен өрісті өнегесі оның ке­йін қаламы ұшқыр қаламгер болып қалыптасуына айтарлықтай әсер етті.
Жаңа шыққан «Күз демі» жинағына ал­ғысөзін жазып, автор хақында жылы пі­кір білдірген белгілі қаламгер, мем­ле­кеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжан жа­зу­шының әңгіме, очерк сияқты мөлтек жанрының шынайы шебері болғандығына тоқтала келе, оның хикаяттарының өз ал­ды­на бір төбе екендігін айтады. Марқұмның кө­зін көрген, онымен етене жақын ара­лас­қан қаламдас, әріптестерінің айтуынша жа­зушы Сейітқазы Досымов тумысынан қа­рапайым, әділ де шыншыл, қажет тұста қай­рат таныта білетін абзал азамат болған. Нені жазса да жеріне жеткізе алатын, бір жазғанын қайта-қайта шимайламай бір отырыста, бір деммен жазатын әрі өз оқыр­манын сендіре алатын сыршыл қалам иесі бола тұра марқұмның әдеби мұрасы дер кезінде лайықты дәрежеде наси­хат­тал­май қалғаны шындық.
Қазіргі уақытқа дейін марқұмның әр жылдары біраз прозалық кітаптары мен бір ғана очеркі жарық көрген. Ендігі ке­зекте оның журналистикадағы қолтаң­ба­сын танып-білу үшін, баспасөзде әр жыл­да­ры жазылған үздік мақалаларын, қы­зық­ты очерктерін өз алдына бір жинақ етіп шығаруды қолға алу керек те шығар. Десек те «артында өлмейтұғын сөз қалдырған» қа­ламгер шығармашылығы іздеушілерінің ар­қасында қазақ оқырманымен қайта қа­уы­шып, ұлт әдебиетіндегі өз орнын ай­шықтай түсуде.
Марқұмның «Күз демі» кітабын қолға алып тұрып «Жақсының атын асқақ­тат­қан­нан халық ұтылмайды. Жазушының сөзі өз оқырманына жетсін десек, өзіміз оқыған кітапты өзгелерге де оқыта білейік», – деген ой түйдік.

Сейітқазы ДОСЫМОВ:
– Шеңгел де жерінде шуласын де­гендей, әр адам өзінің сүйген кәсібін қам­дасын... Дүниені ұмытып істеген шаруа ғана кәсіби шеберлікке жеткізеді, кә­сіби шебер ғана өз өмірінің биігіне шы­ға алады.

Өмірдерек
Сейітқазы Досымов 1943 жылы Талас ауданы, Үшарал ауылында туған. Орта мектепті тамамдаған соң Шымкенттегі сауда техникумында оқыған. Бұдан соң 1966 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің (бұрынғы С.Киров атындағы ҚазМУ) журналистика факультетін бітірген. Студент кезінен баспасөзге араласып, ұзақ жылдар «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Жазушы-публицист ретінде ерте танылған С. Досымовтың қаламынан туған «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері кезінде ҚР Баспасөз мемлекеттік комитеті мен «Жалын» баспасының дәстүрлі шығармашылық байқауларында бірінші жүлдеге ие болған. Кезінде Жоғарғы Кеңестің арнайы грамотасымен марапатталған. Қаламгер1997 жылы дүниеден озды.

Мағира ҚОЖАХМЕТОВА, жазушы:
–Мен Сейітқазымен бірге оқыдым. Біздің курстан бүгінде есімдерін ел білетін небір майталмандар өсіп шыққан. Олардың алдыңғы қатарында қазақтың талантты ақындары Жарасқан Әбдірашев пен Қаржаубай Омаровтан бастап Ырым Кененбай, Құрманғазы Мұстафин, Сүлеймен Тоқсанбаев, Тынышбек Дайрабаев сынды белгілі қаламгерлер бар. Біздің арамыздан Сейітқазы ерте танылғандардың бірі болды. Көпшілігіміз Алматыдағы мықты газет-журналдардың босағасынан аттай алмай, есігін аша алмай жүрген кезімізде оның очерктері мен түрлі тақырыптағы мақалалары баспасөз беттерінен жиі көрініс тауып тұратын. Өз мамандығына ерте бейімделген ол университетте оқып жүрген кезден-ақ «Лениншіл жасқа» жұмысқа қа­был­данған. Сейітқазының кез келген шы­ғар­масынан қазақтың қаймағы бұ­зыл­ма­ған таза тілінің шұрайын сезуге бо­ла­ды. Әр туындысы жеңіл оқылып, қа­рапайым көрінгенімен оның аста­рын­да терең ой мен мәнді мазмұн жа­тады. Алдағы уақытта марқұмның шы­ғар­маларын негізге ала отырып, дра­малық қойылымдар мен кинофильмдерді тү­сіру жағын да ойласу қажет сияқты. Бұған жазушы шығармашылығының по­тенциалы жетеді деп сенемін.
Тынышбек ДАЙРАБАЙ, өлкетанушы ғалым, публицист:
– Сейітқазымен ең алғаш 1965 жы­лы танысып, кейін шығармашылық жол­­да бірге жүрдік. Студент кезімізде жа­тақханада бірге тұрып, кейін бірге пәтер жалдап қиын да қызық талай күн­дерді бастан кешірдік. Оның өзге қа­тарластарынан ерекшелігі анық байқалып тұратын. Ойы салмақты, сөзі мы­­ғым, мінезі де байсалды болатын. Шы­ғармалары да нағыз қайнаған өмір­дің ортасынан ойып алынған, шы­найы көріністерге толы біртұтас дү­ние болды. Ол журналистика сала­сында очерк жанрының майталманы болды. Оның көркем әдебиетке қосқан үлесі де салмақты еді. Бұрынырақта жа­рия­ла­натын арнайы жабық бәйгелердің бір­неше мәрте жүлдесін жеңіп алып, шы­найы шығармаларының арқасында ай­наласына өзін мойындата білетін. Өмір­де қандай адал болса, шығар­ма­шы­лығында да сондай шыншыл болды. Әт­тең, өмірі тым қысқа болмағанда, оның қаламынан әлі де талай үлкен шы­ғармалар туар ма еді... Сейітқазының көзі тірісінде жарық көрген кітаптарының ішінде 1972 жылы басылған «Ди­рек­тор­лар» деп аталатын повестер мен әң­гі­м­елер жинағы әдеби орта мен оқыр­ман­дар арасында жылы қабылданды. Қазіргі кезде марқұмның отбасы мен қаламдастары оның мұраларының бү­гінгі ұрпаққа жетуіне атсалысып, біраз игі іс-шараларды қолға алуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста