Ел ер Сұлтанын есіне алды

Ел ер Сұлтанын есіне алды

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің өміріне құрылған «Ер Сұлтан» қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Бұл, жасыратыны жоқ, 23 жасында Отан үшін оққа ұшқан оғлан ұл туралы тұңғыш сахналық туынды. Қойылымға Сұлтанның қарындасы, бүгінде тоқсанға таяп қалған Зейнеп Баймағамбетова арнайы келіп қатысты.

Қолға тиген дерек бойынша, Қостанай облысынан Ұлы Отан соғысына 73 мың жауынгер аттанған. Олардың 30 мыңдайы түрлі орден мен медаль алған. Төртеуі "Даңқ" орденін иеленсе, 27-сі Кеңес Одағының Батыры атанған. Солардың бірі де бірегейі – Сұлтан Баймағамбетов еді. Ол Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында туған. Жеті кластық білімімен ауылдық және аудандық поштада қызмет етеді. Өзі сүйген Баршынмен әні-міне отау көтереміз деп жүргенде, 1940 жылы әскерге шақырылады. Читада әскери борышын өтеп жүрген жерінен 1941 жылы майданға алынып, Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысады.

Зейнеп Баймағамбетова, Сұлтан Баймағамбетовтің қарындасы:
– Көкем сол жерде қаза тапты. Кейін мен қабірінің басына үш мәрте бардым. Әлі де баяғы сол балаң жігіт қалпында көз алдымда. «Ақылды бол, жақсы оқы, әкеміздің атына кір келтірме» деп, ақылын айтып отырушы еді. Әскерге кетіп бара жатқанда «сен мұңайма, Баршын болашақ жеңгең ғой, бірге болыңдар, мен бір-екі жылда келемін» деп кетіп еді. Өкінішке қарай, сұм соғыстың кесірінен қайтып жүздесе алмадық. Қара қағаз алып, қан жұтып қалдық қой.

1943 жылдың жаз ортасында лейтенант Пономаревтің ротасын жау жағы қыспаққа алады. Жау пулеметшілері оқты қарша боратып, кеңес әскеріне бас көтертпейді. Осы кезде Сұлтан Баймағамбетов еңбектеп, ілгері жылжиды. 25 метрдей жерден екі дзотты жарып, үшінші дзотқа гранатасы жетпей қалады. Сол кезде артындағы ротасын аман алып қалу үшін атып тұрып, ажал оғын санап болмас жылдамдықпен сақылдатқан дзотты кеудесімен жаба құлайды.

Ерсайын Төлеубай, "Ер Сұлтан" қойылымының авторы әрі қоюшы-режиссері:
– Жас кеткендіктен бе, Сұлтан жайлы аз жазылған, дерек тапшы. Мен газеттерде жарық көрген мақалалардан, Баймағамбетов туралы жазылған кітаптан және жалғыз қарындасы, көзі тірі Зейнеп ападан сұрап білдім. Отан жолында оққа ұшқан, Кеңес Одағының Батыры деп мақтанғанда кеудесіне нан пісетін осы Қостанайдың өзі арда ұлын ұлықтай алмай отыр. Біз тек Ұлы Жеңістің 65 жылдық қарсаңында ғана емес, жалпы, ел қорғаған ерлердің есімін үнемі есте сақтап, оларды жастарға үлгі етіп, үнемі паш етіп отыруға міндеттеміз. Өйткені олар біздің бейбіт заманда тыныш өмір сүруіміз үшін өз бастарын оққа байлады емес пе?

«Ер Сұлтан» – Сұлтан Баймағамбетовті көпшілік көрермен алдына алып шыққан ең алғашқы қойылым, тұңғыш көркем туынды. Сондықтан да режиссер қойылымда Сұлтанның жалынды жастығын, сол уақыттағы ел ішіндегі жағдайды, «шаш ал десе, бас алатын» ұрда-жық қызыл жағалылардың астам әрекетін барынша ашып көрсетуге тырысқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста