Дүйім жұртқа қайғыра көңіл айтамын – Димаш Құдайберген

Дүйім жұртқа қайғыра көңіл айтамын – Димаш Құдайберген

 Әнші Димаш Құдайберген Абай облысындағы алапат өртте орманшылардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпапрат.

«Семей орманы» табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған 14 орманшы қаза болды. Барлығы мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Семей орманындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Үш ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

10 маусым күні түсте жалын шарпыған аумақ 60 мың гектардан асып кеткені хабарланды.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.

Мемлекет басшысы орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездесті.

12 маусым Семей орманындағы алапат өрттен қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды.

Бүгін Абай облысының полициясы тракторымен өрт сөндіруге кеткен тағы бір адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.

ҚазАқпапрат.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста