Арқа төсінде есімі елге танымал ақындармен кездесу ұйымдастырылды. Көкшетаудың «Достар» мәдениет сарайында қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен арқалы ақындар жиналды.
Атап айтқанда, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы, поэзия көгінде есімдері қалыптасқан Алмас Темірбай, Ақберен Елгезек пен Ұларбек Дәлейұлы көкшетаулық оқырмандарымен кездесті. Көкше өңірінің әдебиет сүйер қауымының өкілдері мен журналистер қауымы, сондай-ақ студенттер қатысқан шарада белгілі ақындардың шығармалары жөнінде кеңінен әңгімеленді.
Алмас Темірбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын:
– Бүгінгі шарада Алаш ақындары Көкшетау төрінде бас қосып отыр. Мұндағы мақсатымыз оқырман қауымын поэзия мен проза әлеміне ден қойып, ұрпақты кітап оқуға ынталандыруды көздеп отырмыз. Ақынын сыйлаған елдің болашағы азбайды. Сондықтан әдебиет пен ана тілінің дамуы заман талабы екені бүгінгі шарадан-ақ анық көрінеді.
Арқалы ақындарды көкшелік жұрт құшақ жая қарсы алды. Емін-еркін түрде өткен пікірталаста ақындардың жаңа шығармашылығы еліміздің рухани құндылықтары мен қоғамдағы жағдайлар туралы ой-пікірлер кеңінен сөз болды. Сондай-ақ оқырмандар сүйікті ақындарынан көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.
«Достарда» ақындар достарымен кездесті
Последние статьи автора